Аймақтар • 27 Қараша, 2020
Онлайн отырған оқушылар індетті қайдан жұқтырып жатыр?
Алматыда эпидемиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдері зарыға күткен онлайн-брифингте төмендегідей мәліметтермен бөлісті.
Қоғам • 27 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтанда бір жарым жылда ұзаққа созылған құрылыс саны азаяды
Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үйлер тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады. Қалған құрылыстарды 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
Жандарбек Бекшин Алматының эпидемиялық ахуалы туралы мәлімдеме жасады
Араға айтарлықтай үзіліс салып барып, бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдері зарыға күткен онлайн-брифингте төмендегідей мәліметтермен бөлісті.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы аталып өтті
Биыл даңқты батыр, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Кескекті ердің сойындай, кесек бітімді күрделі тұлға оқ пен оттың ортасында жүріп те қазақтың қайсар мінезін, ұлттық болмысын көрсетті. Тіршілікте де тағдырдың сан тарау сынағын бастан өткеріп, өмірін өнегемен өрнектеген тұлғаның есімі қалың қазақпен қатар, кейінгі буын үшін де тәртіп пен тәрбиенің қайнар көзі болып есептеледі. Ұлттың ұстыны болған батырдың торқалы тойы Әулиеата топырағында лайықты деңгейде аталып өтті.
Аймақтар • 27 Қараша, 2020
Алматыда жүректің кенеттен тоқтау қаупі жоғары науқастарға теріасты импланты салынды
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге теріасты кардиовертер-дефибрилляторын импланттаудың шеберлік класы өткізілді. Бұл инновациялық емдеу әдісі клиникада алғаш рет енгізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz