Білім • 24 Қараша, 2020
Парақор педагог қайдан шығады?
Осыдан 2 жыл бұрын бір танысымыз мектепке ақша беріп жұмысқа тұрды. Ол осы әрекетін: «Барлық жерге түйіндемемді жібердім. Бірақ бәрінде бірдеңе дәметеді. Ал мен өз кәсібімді, мұғалімдікті шынымен жақсы көремін. Бала оқытқаннан ләззат аламын. Сүйікті ісіммен айналысу үшін осындай қадамға бардым. Өйткені басқа амалым қалмады. Таза жолмен жұмысқа жетемін деп қанша уақытымды жоғалттым. Бастысы, мен – маманмын ғой. Еден жуып жүріп, бала оқытып кеткен жоқпын», деп түсіндірді.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Курсанттар «Спорт шебері» атанды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары спорттың «Араши-каратэ» түрінен «Спорт шебері» атағын иеленді.
Футбол • 24 Қараша, 2020
Үшінші орыннан үш команда үмітті
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 19-тур ойындары өтті. «Қайрат» мерзімінен бұрын жеңімпаз атанса, біріншілік аяқталар тұста үшінші орын үшін арпалыс күшейе түсті. Бұған себеп «Астана» мен «Ордабасының» күтпеген жерден жеңіліп қалуы және «Шахтердің» кезекті үш ұпайына қол жеткізуі болды.
Қоғам • 24 Қараша, 2020
Шардарада шұғыл суқашыртқы салу қажет
Апат айтып келмейді. Беті аулақ, алдын алмаудың, адами фактордың салдарынан болып жатқан апаттар да аз емес. Яғни сақтану, қауіпсіздік шараларын жүргізу маңызды. Cыйымдылығы 5,2 млрд текше метр болатын Шардара суқоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде жиынтығы секундына 2570 текше метр су тастай алады.
Білім • 24 Қараша, 2020
BALA QORǴAÝ проблеманы жедел анықтайды
Қазақстан кейінгі уақытта бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінен бой көрсетіп келеді екен. Бұл туралы 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай өткізілген брифингте айтылды.