Әлем • 16 Қараша, 2017
Алпауыт елдердегі ахуал қандай?
Қазіргі таңда алпауыт елдерде болып жатқан ахуал қандай? Бұл туралы шетелдегі БАҚ не дейді?
Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгімені көп айтамыз. Тіл безеп. Шешенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұрамыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз батырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..
Әлем • 16 Қараша, 2017
Өзбекстан мен Түркия: Жаңа стратегиялық серіктестер
Жақында түркі әлемінде халық саны, тарихы мен мәдениеті, сауда-экономикалық әлеуеті тұрғысынан ірі мемлекеттер – Өзбекстан мен Түркияның қатынастары тарихта тұңғыш мәрте стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Өзбекстан Республикасының президенті Ш.Мирзиёев 25-27 қазан күндері президент Р.Т.Ердоғанның шақыруымен Түркияда мемлекеттік сапармен болды. 18 жылдан бері Өзбекстан президентінің Түркияға жасаған алғашқы сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңге өткенін көрсетеді. Осы сапарға Өзбекстанның сыртқы істер министрі А.Камилов «тарихи, жемісті және маңызды» деген баға берді.
Қазақстан • 15 Қараша, 2017
Тоқаев Атамбаевтың Қазақстан туралы кезекті мәлімдемесіне орай пікір білдірді
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды "блокада" деп атап, оған Қазақстан билігін айыптау мәндегі пікір білдірген болатын. Атамбаев бұл туралы Бішкекте елдің тұрақты даму стратегиясын талқылаған жиында мәлімдеді. Осыған орай Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттер парақшасында Атамбаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді.
Қазақстан • 15 Қараша, 2017
Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады.