Ауыл • 20 Қараша, 2023
Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру жолы
Ауыл мектептерінің білім сапасын көтеруде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының игі дәстүріне айналған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының маңызы зор. Аталған жоба бірнеше жылдан бері Батыс Қазақстан өңіріндегі біраз мектепке оң ықпалын тигізіп келеді.
Технология • 20 Қараша, 2023
Жұрттан жасырғанды жүйеден жасыра алмайсың
Халықтың алаңсыз ұйқысын бағуда тәртіп сақшыларының таптырмас құралына айналған цифрлық технология көп. Әсіресе қаладағы құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда көмекшіге айналған бейнебақылау камераларын «қаланың қырағы көзі» деуге болады. Жүріс-тұрысымызды қалт жібермейтін құрылғының қабілеті қандай деңгейде? Техниканың мүмкіндігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қаншалықты жауап беруі мүмкін?
Құқық • 20 Қараша, 2023
Қызылорда қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қайта қаражат бөлінгенін анықтады. Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Батырбаев көшесіне осыдан 3 жыл бұрын 49 млн теңгеге орташа жөндеу жасалған екен.
Жәдігер • 20 Қараша, 2023
Марал ишанның Құран кітабы кесенеге қойылды
Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында құнды мұраның барша халқымыз үшін қастерлі орында тұрғаны абзал екенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойған жөн деп санайтынын айтқан болатын.
Руханият • 20 Қараша, 2023
Қызылордада «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған конференцияға қайраткердің өмір жолы мен қызметін зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.