Аймақтар • 19 Қараша, 2019
Экономикалық әлеуеті, өмір сүру сапасы жағынан Алматы ғаламдағы жүз қаланың қатарына енеді. Осындай ұзақ мерзімді стратегияны жоспарлап отырған қала басшылығы келешекте оңтүстік астана халқының 5 миллионға жететінін межелеп отыр. Бүгінде қала аумағы тұрғындарын қосқанда халық саны 3 миллионнан асады. Орталық Азияда қарқынмен дамып келе жатқан мегаполистер қатарында тұрған Алматы 600 қаламен бірге әлемдік ІЖӨ-нің 60 пайызын құрайды.
Аймақтар • 19 Қараша, 2019
Алматы марафоны 2020 жылы бірқатар балалар мекемесіне қолдау көрсетеді
Мегаполистің спорттық өмірінде Алматы марафонының мәнімен қоса, әлеуметтік тұрғыда атқарып келе жатқан ілкімді бастамалары бар. Дәстүрге сай Алматы марафонына қатысушылардың сөрелік жарнасынан жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық істерге жұмсалады. Осы мақсатқа орай, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен алдағы 2020 жылға арналған қайырымдылық шараларының тізбегі анықталды.
Экономика • 19 Қараша, 2019
Ақылы тұрақтар бюджетке 1,7 млрд теңге түсірді
Алматы қаласында үш жылдан бері AParking белгісі бар паркоматтар жұмыс істейді. Әрине, үлкен инвестиция салынған бұл жобаның артықшылықтарымен қоса, бірқатар түйткілді мәселелерді туындатқанын білеміз. Жүргізушілерден жол жағалағандар бұрынғыдай 100 теңгеден жабайы түрде жинап жүрмейтіндіктен, негізінен орталық көшелерде көлік қою тәртібі айтарлықтай реттелді. Және бұл бюджетке де тиын болып үздіксіз тамып жатыр.
Руханият • 19 Қараша, 2019
Инновация мен шығармашылық үйлесімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
Парламент • 19 Қараша, 2019
Жергілікті өзін өзі басқару бағдарламасы талқыланды
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде бюджеттің IV деңгейін енгізу нәтижесі талқыланды.