Білім • 15 Қараша, 2017
100 оқулық: Ғылыми еңбектерді аударуды жүзеге асыру қажет
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасын қолға алу мәселесі орынды көтерілген. Осы орайда ғылыми еңбектерді аударудың да мәні зор екенін айтқым келеді.
Тарих • 15 Қараша, 2017
Ұлттық валюта күні: Теңге тарихы
Тоқсаныншы жылдардың басындағы кетеуі кеткен күрделі кезеңде саяси егемендікке қол жеткізген Қазақ елі дербес қаржылық-экономикалық саясатын қалыптастыруға тәуекел еткен-ді. Осылайша, Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы – теңге дүниеге келген болатын.
Бокс • 15 Қараша, 2017
Мырзағали Айтжанов: Мықтыларға ғана таңдау жасалады
Чемпионат аяқталды. Мықтылар іріктелді. Жаңа чемпиондар белгілі болды. Қазақстан боксындағы тағы бір жаңалық, АІВА тарапынан біздің қазылардың жұмысына баға беретін, қажет десе қабылданған шешімді бұзуға құзіреті бар «үш жұлдызды» қос төреші келді. Ел ішілік біріншілікке азаннан салсаң төске озған Қайрат Ералиев пен Василий Левит бастаған қасқа мен жайсаң қатысқан жоқ. Әлем чемпионы, Азиядағы барлық атақты бір бойына жинап алған, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында шетел сарапшылары таңдай қағып жоғары баға берген Жәнібек Әлімханұлы неге өндірдей жас боксшыға жеңіліп қалды?
Футбол • 15 Қараша, 2017
Елордаға екеуміз қатар келіппіз. Ол – «Астанаға» бас бапкер болып бекіді. Біз Алматыдағы қосыннан бас кеңсеге көштік. Алғашқы кездесуіміз есте жоқ.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
Тараз қаласының ішкі істер басқармасы лаңкестік оқиғада қаза болған қызметкерлерді еске алды
Кешегі қолына найза ұстап, ел мен жерді қорғаған батырлардың жалғасы – қазіргі полиция қызметкерлері десек қате айтпаймыз. Олар тәуелсіз елдің тыныштығы мен бейбітшілігін күзетуде күні-түні кірпік қақпай қызмет етіп келеді.