Қоғам • 22 Қараша, 2022
Қыз баланы тәрбиелеу – тұтас ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзі бар. Ал бесікті тербетер, дүниеге ұрпақ әкелетін қыз тәрбиесіне тек отбасы емес, бүкіл қоғам атсалысуы қажет.
Қазақстан • 22 Қараша, 2022
Әлеуметтік желіде «Қаражорға» қазақ биі емес» деген теріс дақпырт тарап жүр. Айтушының уәжі: «моңғол биіне ұқсайды екен», «орыс-ағылшын ғалымдары ол туралы ештеңе айтпапты», «бидің үлгі, құрылымы да қазаққа келмейді...».
Руханият • 22 Қараша, 2022
Күнделікті күйбең тіршілікте адамдармен араласу, қызметтес болу қоршаған орта төңірегінде ой түюге, пікір қалыптастыруға, сондай-ақ толғамды тұжырымдар мен кереғар көзқарастардың даралануына бастайды. Біз әңгіме ауанын арнайы бұрып отырған аяулы ұстазымыз, академик-жазушы, қазақтың мақтаныш тұтатын айтулы перзенті Зейнолла Қабдолов алыптар шоғырынан кейін іле шыққан бірегей тұлға еді.
Таным • 22 Қараша, 2022
Қай халықтың болсын арғы-бергісін салмақтап, болмысы мен бітімін толық танып алу үшін міндетті түрде оның өткен тарихына көз салу қажет. Ал тарих дегеніміз не? Ол бірегей оқиғалар мен таусылмас текетірестердің жиынтығы ма? Әлбетте, олай емес. Тарих, ой беріп қарасақ, өте ауқымды түсінік, кең мағыналы арна. Тарих туралы ой қозғағанда, оны екі негізгі салаға бөліп қарастырсақ, шамамызда, мәселеге тереңірек бойлай аламыз. Олар: біріншісі – мемлекеттік-құрылымдық тарих; екіншісі – рухани-мәдени тарих. Әлбетте, екеуін бірінен-бірін бөліп алуға еш болмайды, олар өзара тығыз байланыста, тіпті барынша кірігіп кеткен. Мемлекеттік-құрылымдық тарих әр заман, әр кезеңдерде барынша байыпталып, мейлінше қазбаланып, зерделі зерттеушілер назарында болып келді. Ақсап жатқаны – рухани-мәдени тарих.
Спорт • 22 Қараша, 2022
Мексиканың Гвадалахара қаласында таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстанның 15 спортшысы бақ сынады. Солардың қатарында ірі дүрмектерде әбден ысылып, халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген тәжірибелі даян шеберлері де болды. Өкінішке қарай, таэквондошылардың бірде-біреуіне Ацтектер елінде жеңіс тұғырына көтерілу бақыты бұйырмады.