Аймақтар • 30 Қараша, 2018
Еліміз бойынша үш жоғары технологиялық компрессорлық станса іске қосылды
Сексеуіл стансасына тағы келдік. Қызылорда облысының Ақтөбе облысымен шектесетін ең соңғы иінінде отырған атақты станса соңғы уақытта үлкен оқиғалардың куәсіне айналды. Сонау Бейнеуден тұтанған көгілдір отын Бозойды басып өтіп, тап осы Сексеуілдегі Арал компрессорлық стансасынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таралмақ. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Арал» компрессорлық стансасын, сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінде №5 және №7 компрессорлық стансаларын іске қосты.
Президент • 30 Қараша, 2018
Сонау тоқсаныншы жылдардың басында егемендік алған Қазақстан демократия жолын таңдап, тұңғыш рет президент сайлауын өткізді. Жалпыхалықтық сайлауда ең көп дауыс жинаған, дәлірек айтсақ сайлаушылардың 98 пайызынан артығы қолдаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып тағайындалды. Сол уақыттан бастап ширек ғасырдан артық Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ елінің көшін бастап келеді.
Әлем • 30 Қараша, 2018
Еуразия идеясы – түркі ықпалдастығының негізі
Сонау Кеңес Одағы тарқап, Беловеж келісіміне қол қойылған жылғы тарихи жағдайды қазір еске алудың маңызы зор. Ол кезде тәуелсіздік буы әркімге қанат бітіріп, тоталитарлық кезең өткеннен, яғни КСРО бастаған жолдан және осыған ұқсас қандай да болмасын бір бұрынғыдай одаққа қайта оралудан түпкілікті бас тартылды. Тіпті соған ұқсас одақты құруды да билік басындағы демократтар қабылдамады.
Президент • 30 Қараша, 2018
Елбасы Энергетика министрін қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.