Өмір сүріп жатқан кеңістігіміздің үстінен кірпік қақпай бақылайтын құдірет уақыт десек сипат-сынына нақпа-нақ жақындап, анықтамасы дәлме-дәл берілді деу асылыққа астасатынынан сау емес. Мың-сан ғасырдың ұзына бойына зерделі үңіліп, зерттеу жүргізген ғылымның анықтаған шындықтары, жасаған қорытындылары, батыл да байыпты болжамдары әрәдік жадыға оралған сайын жалпақ жаратылыстың алдында оның бәрі кішік те ізетті естілетіндей көрінетіні несі екен.
Тарих • 13 Қараша, 2017
Қазақстан • 13 Қараша, 2017
Қазақстан бастамаларын жоғары бағалады
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров басқарған Қауіпсіздік Кеңесінің ИЛИМ (ДАИШ), «Әл-Каида» және «Талибан» қозғалысы жөніндегі 1988 комитеттерінің делегациясы Ауғанстанға барды. Бұл сапардың мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің елдегі халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы санкцияларды жүзеге асыру мен олардың тиімділігі туралы ақпарат алмасу және сондағы жағдаймен танысу болатын.
Дінаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі
Мемлекетіміз адам құқықтарын сақтау бойынша БҰҰ-ның осы саладағы іргелі пактілерімен қатар, 40-тан астам халықаралық келісімшарттарға қосылған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өркениетаралық сұхбатты қалыптастыруға және оны қолдауға, сондай-ақ ғаламдық деңгейде дінаралық қатынастардағы төзімділікті нығайтуға қатысты бірқатар халықаралық бастамалар көтерді.
Әлем • 13 Қараша, 2017
Трамптың Азия елдеріне сапары. АҚШ аймақтағы ықпалын күшейте ала ма?
АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары 12 күнді қамтиды деген мәлімет бар. Ретімен айтар болсақ, ол қарашаның алғашқы онкүндігінде Жапонияда, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытайда болды. Енді сапарын Вьетнам және Филиппин мемлекеттерінде жалғастыруда.