Білім • 14 Қараша, 2018
Білім • 14 Қараша, 2018
Күн сайын қаладағы қоқыс жәшіктеріне тасталған кітаптарды көру атыраулық тарихшы Вячеслав Афанасьевқа ауыр тиетін. Бір күні белгілі меценат, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблевқа «Осы кітаптардың бәрін бір жерге жинау мүмкін болса» деген ойын айтады. Идеяны кәсіпкер де қолдай кетті, соның нәтижесінде Атырауда алғаш рет халықтық кітапхана ашылды.
Өнер • 14 Қараша, 2018
Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулық дәстүрді жауынгерлік сарынмен насихаттаған көрнекті тұлғалардың бірі – Марғасқа жырау еді. Марғасқа жыраудың туған және өлген жылдары мен ғұмырына қатысты деректер аз. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, XVII ғасырдың шамасында өмір сүріп, елді бастаған Есім ханның жанында ақыл-кеңесін аямаған көреген кеңесші, өр рухты, күллі елге сөзі ұрандай болған батыр болған. Жазушы, зерттеуші Мұхтар Мағауин: «XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған Есім ханмен әркез Жиембет, Марғасқа жыраулардың есімі қатар аталады», деген болатын. Өз жырлары арқылы сол замандағы хандардың қисынсыз іс-әрекетін сынап, халықтың мұңына үн қосқан.
Парламент • 14 Қараша, 2018
Кәсіпкерлікке қолбайлау жағдайлар айтылды
Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық қатынастарға кедергілерді зерделеу мақсатында еліміздің батыс аймақтарында сапарда болды. Сенатор Ақтөбе облысында болған кезде облыс орталығында және Алға ауданының аумағында орналасқан шағын және орта ауылшаруашылығы кәсіпорындарын аралап, жұмыстарымен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 14 Қараша, 2018
Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń. Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady.