Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Бұл форумды Kazakhstan Growth Forum және «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы ұйымдастырды. 200-ден астам жетекші және ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың директорларын біріктірген іс-шара аясында персоналды басқарудың, жаңа кадрларды тартудың және озық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері көтерілді.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Цифрлық комиссарлардың ұсыныстары ведомствоаралық комиссияға шығарылады
Цифрлық комиссарлар Министрліккке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ХҚКО және министрліктер мен ведомстволардың цифрлық жобаларына қатысты 50-ге жуық ескерту мен ұсыныс жолдады. Ұсынылған бастамалардың жартысы өз шешімін тапты. Мысалы, электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген өзгерістерге байланысты мемлекеттік қызметшілер ендігі уақытта электрондық өтініштерді жауып тастай алмайды. Азаматтардың өтінішіне қайтарылатын электрондық жауапқа шығыс нөмірі беріледі, сондай-ақ заңды тұлға басшысының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу 3 күн ішінде жүргізілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Маңғыстауда жастар арасында психологиялық тренингтер өткізілуде
Жанжалдарды шешу, стресстік тұрақтылық пен оқушылардың коммуникативтік қасиеттерін дамыту бойынша мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ мектеп пен колледж психологтары арасында медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Коммуникативтік дағдылар мен денсаулық психологиясы» кафедрасының профессоры Марат Әсімов семинар-тренинг өткізуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Қазақстанның ішкі нарығына 63 млн тоннадан астам көмір тиелді
2019 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,5 млн тонна көмір, энергия өндіруші кәсіпорындарға - 48,4 млн тонна және өнеркәсіп кәсіпорындарына - 5,9 млн тонна тиелді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде
2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.