Қазақстан • 14 Қараша, 2019

Қазақстанның ішкі нарығына 63 млн тоннадан астам көмір тиелді

124 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2019 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,5 млн тонна көмір, энергия өндіруші кәсіпорындарға - 48,4 млн тонна және өнеркәсіп кәсіпорындарына - 5,9 млн тонна тиелді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның ішкі нарығына 63 млн тоннадан астам көмір тиелді

«Жалпы көрсетілген кезеңге көмір өндіруші компаниялар 93,4 млн тонна көмір өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (95,6 млн тонна) 97,6%-ды құрайды. Төмендеу көрсеткіші энергия өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындардың көмір өнімдерін тұтынуының азаюына байланысты.

Экспорт 24,2 млн тонна көмірді құрады немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 98,1%-ды құрайды.

Министрліктің 2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік (КТҚ) және халық үшін көмір тұтыну жоспарын қалыптастырғанын атап өту керек, осы жоспардың негізінде жергілікті атқарушы органдар апта сайын ақпарат ұсынады.

Мәселен, жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету (2019 жылғы 1 мамырдан 2020 жылғы сәуірге дейін) орташа алғанда: коммуналдық-тұрмыстық сектор 93,5%; халық 79,3% құрайды.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесін толығымен қамтамасыз етті.

Өңірлер бойынша көмір қорларымен қамтамасыз етудің толық тізімі келесідей:

- Ақмола облысы (КТҚ – 64,7%, халық – 90,3%);

- Ақтөбе облысы (КТҚ – 100%, халық – 39,1%);

- Алматы облысы (КТҚ – 86,5%, халық – 81,6%);

- ШҚО (КТҚ – 100%, халық – 98,5%);

- Жамбыл облысы (КТҚ – 100%, халық – 68,2%);

- БҚО (КТҚ – 100%, , халық - 100%);

- Қарағанды облысы (КТҚ – 100%, халық – 85,7%);

- Қостанай облысы (КТҚ – 94,2%, халық – 99%);

- Қызылорда облысы (КТҚ– 100%, халық – 87,1%);

- Павлодар облысы (КТҚ – 100%, халық – 95,9%);

- СҚО (КТҚ – 78%, халық – 79%);

- Түркістан облысы (КТҚ – 79,2%, халық – 62,8%);

- Нұр-Сұлтан қ. (халық – 49,5%);

- Алматы қ. (КТҚ – 100%, халық – 70,8%);

- Шымкент қ. (КТҚ – 100%, халық – 81,6%).

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір бағасы кесінді тиеу бағасынан (әзірлеу шарттарына байланысты тоннасына 3-6 мың теңге шегінде), жылжымалы құрамды тасымалдауға, қызмет көрсетуге арналған темір жол тарифтерінен, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмірдің бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан (әзірлеу жағдайына байланысты тоннасына 3-6 мың теңге), тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Министрлік туралы ережеге сәйкес Министрлік көмір өнеркәсібінің дамуына (өндіру және еліміздің экономикасы салаларын қажетті көлеммен қамтамасыз етуге) жауап береді.

Көмірдің бағасын белгілеу және саудалық реттеу, сауда қызметін және тауар биржалары қызметін реттеу және бақылау Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің құзырына кіреді», делінген хабарламада.