Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Ректордың «Open space» форматында кездесуі өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Open space» форматында ректор Такир Балықбаев жұртшылықпен кездесу өткізді. Кездесуге проректорлар мен департамент директорлары, студенттік ректорат мүшелері қатысты. Осы кездесу барысында жетпістен астам өтініш қаралды.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
«Көмектес» қоры зағиптар арасында «Менің елім» байқауын өткізді
Зағип және нашар көретіндерге арналған республикалық кітапханада «Көмектес» қоры және Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен әртүрлі ұлт өкілдерінің арасында «Менің елім» 7-ші қазақ әндерінің байқауы өтті. «Көмектес» қорының төрағасы Александр Сапелкиннің айтуынша, байқау ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы мен Елбасы жариялаған Жастар жылына орайластырылып отыр.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Фермердің маусымдық табысы қанша?
Шаруалардың кооперативтерге бірігіп жұмыс істеуінің тиімділігі турасында мамандар жиі мәселе көтеріп жүр. Ұжымдасып еңбек етуге күмәнмен қарап жүргендерге қарағанда, білек сыбана іске кірісіп кеткен ұжымдар қомақты табыс таба бастады. Соңғы жылдарда жұмыс тәжірибесі жайын шаруалармен бөлісіп жүрген Алматы облысы Шелек ауданының фермерлері оңтүстік астанаға ат басын тіреп, көкөніс өсіру мен баптаудағы жетістіктерімен бөлісті.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда
Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы:Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
Жәнібек ауданында ет өндіру артты
Жәнібек ауданы - Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында орналасқан өңір. Ресейдің Волгоград облысы Палласовка және Старая Полтава аудандарымен, солтүстігінде Саратов облысының Новоузенск, Питерка аудандарымен шектесетін аудан мал шаруашылығын дамытып, ет экспортын көбейтіп келеді.