Қазақстан • 21 Қараша, 2022
Су жүйесін басқарудағы қордаланған мәселелер: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Су ресурстары мәселесі дүние жүзінде өзекті проблемаға айналып отыр. Бұл ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 4 қарашасында Үкіметке Су ресурстары комитетінің (СРК) және оның бағынысты ұйымдары мен ғылыми институттарының әлеуетін күшейтуге қатысты тапсырма берген еді. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аталған комитет құзырынан «ішкі су саясаты» функциясын ведомствоның орталық аппаратындағы Трансшекаралық өзендер департаментінің құзырына беруді көздеп отыр деген ақпарат бар.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Оңтүстікке астық жеткізудің машақаты
Шымкенттік ұн тартушылар еліміздің солтүстігінен астық тасымалдау мәселесіне қатысты дабыл қақты. Кәсіпкерлердің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы жүктерді баяу жеткізеді, вагондар жетіспейді, маневрлік локомотивтер тапшы және жүк тасымалының тарифтері қымбат.
Қазақстан • 21 Қараша, 2022
Елімізде тұрақтылық пен ішкі-сыртқы қауіпсіздікті, бірлікті бекемдеу ісінде айрықша орны бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Ел тәуелсіздігімен бірге қайта жасақталған қауіпсіздік органының осынау белесі қалыптасу мен тұрақты даму кезеңі ретінде айшықталды.
Қоғам • 21 Қараша, 2022
Алматы облысының орталығын Қонаев қаласы жаңашыл даму жолына түсті деуге толық негіз бар. Бұйырса, таяу болашақта Қапшағай көлінің жағасында заманауи үлгідегі жаңа қала менмұндалайтын болады.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Кереку шаһары жер жағдайы бойынша ойпаң жерде орналасқан. Сонысына орай облыс орталығын нөсер және дренаждық кәріз жүйесімен қамту мәселесі өте өзекті. Жазда жаңбыр төпелеп жауып, жазғытұрым қар ерісе көшелердің барлығы кілкіген суға толады. Ал қолданыстағы небәрі 10 шақырымдық дренаждық жүйе баяғыда істен шыққан.