Спорт • 16 Қараша, 2024
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Tallinn Trophy» халықаралық турнирі жалауын түсірді. Ел үмітін арқалаған Софья Самоделкина күміс жүлде олжалады. Қысқа бағдарламада алған ұпайының нәтижесінде үшінші сатыға тұрақтаған жерлесіміз еркін бағдарламада ұпайын молайтып, қоссайыс қорытындысында 173,25 ұпай еншіледі. Халықаралық турнирдің алтын медалін 192,48 ұпаймен бельгиялық Нина Пинзаррон алды. Қола медаль канадалық Сара Мод Дюпуаға (163,58 ұпай) бұйырды.
Аймақтар • 16 Қараша, 2024
Онды үлгілі ауыл атануға лайық
Маңғыстау ауданының тұрғындарымен Шетпе ауылының Мәдениет үйінде өткен жиында ауданның дамуы мен өзекті мәселелері жан-жақты сөз болды. Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов 2024 жылдың 9 айының қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
Таным • 16 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Миллионерлер ауылы
Әлемде бүкіл тұрғыны миллионер ауыл бар. Онда әрбір отбасы аумағы 500 шаршы метрден кем емес виллада тұрады. Әрқайсысының гаражында қымбат көлік бар.
Аңдатпа • 16 Қараша, 2024
19 қараша - Ертегі Қостанай облыстық қазақ драма театрында В.Ильюховтың «Ханшайым» ертегісі ұсынылады. Режиссері – Қ.Маратұлы.
Көрме • 16 Қараша, 2024
Ұлттық музей «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан он экспонат ұсынды. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырып отыр.