Фотолар: Oqu-agartu ministrligi
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 18 мектеп сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша ашылған.
Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.