Қазақстан • 11 Қараша, 2018
Алматыда аграрлық ғылымды дамытуға арналған форум өтті
Еліміздің аграрлық ғылымын бизнестің сұранысына қарай жаңғыртудағы басым бағыттың бірі – отандық ауыл шаруашылық саласына жаңа технологиялар тарту мәселесін жүйелі жолға қою ісі. Елбасы Жолдауында да еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін заман талаптарына сай инновациялық жолмен дамытуға қатысты нақты міндеттер жүктелген. Осы орайда Алматыда «Ғылым мен білімге негізделген агроөнеркәсіптік кешенін қалыптастыру мәселелері» тақырыбында халықаралық форум өтті.
Теннис • 11 Қараша, 2018
Дэвис кубогының дәурені аяқталды
Жуырда Халықаралық теннис федерациясы (ITF) бір ғасырдан аста тарихы бар Дэвис кубогын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын хабарлады. Ендігі кезекте ITF футболдан Испания құрамасы мен «Барселона» клубының қорғаушысы Жерар Пике негізін қалаған Kosmos инвестициялық тобымен бірлесіп, теннистен әлем кубогының өткізбек.
Өнер • 11 Қараша, 2018
Қостанайда журналист-жазушы Қайсар Әлімнің шығармашылық кеші өтті
Белгілі журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты Қайсар Әлім халқымыздың әдебиеті пен өнеріндегі Қостанай қанаттандырған тұлғалардың бірінен саналады. Ол 55 жыл бойы қазақ журналистикасының қазанында қайнады, әдеби шығармаларымен де оқырман көзайымына айналды. Қайсардың публицистикасы мен күнделіктері және қазақ әдебиетіндегі қарымды қаламгер Әзілхан Нұршайықовпен 34 жыл бойы жазысқан хаттары эпистолярлық жанрдағы елеулі шығарма болып табылады.
Қазақстан • 11 Қараша, 2018
Қазақстан мен Ресей арасындағы келесі форум Омбыда өтеді
Қазақстан мен Ресей Президенттері өңіраралық ынтымақтастық форумдарының маңыздылығы мен тиімділігін ерекше атап өтті.
Өнер • 11 Қараша, 2018
Өскеменде Рүстем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалі басталды
Кеше Өскеменде мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетов атындағы кіші формада сахналанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестивалі басталды. Облыстық драма театрда өткен, 14 қарашаға дейін жалғасатын фестивалдің ашылу салтанатына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, қала әкімі Жақсылық Омар бастаған құрметті қонақтармен қатар тұлғаның отбасы мүшелері де қатысты.