Владимир Путин Қазақстан мен Ресей экономикалық операторлары арасындағы барлық есеп айырысудың 63 проценті ұлттық валютада жүзеге асырылатынын, жуық арада бұл көрсеткіш 75 процентке жету ықтималдығына тоқталды. Мәдениет, білім беру салаларында да қарым-қатынас артып келеді. Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның 14 облысымен тұрақты байланыс орнатқан. Биыл Қазақстанға 50-ден астам ресейлік аймақтық делегациялар келді. Ондаған бизнес-миссиялар, жастар бағдарламалары ұйымдастырылды. Олардың ішінде ылым, білім және мәдениет салалары кеңінене қамтылды», деді РФ басшысы.
Екі ел арасындағы туризмнің ырғақты дамуына форумға қатысушылардың назары аударылды.Туристік индустрия елеулі экономикалық әлеуетке ие. Ресейде ішкі және сырттан келетін туризмге қатысты үлкен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар екі ел арасында туристік алмасу деңгейі нығайып келеді. Ресейге жыл сайын 3,6 млн қазақстандық, Қазақстанға 3 млн ресейлік сапарлайды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта арта түседі деген сенім зор.
Алқалы басқосуда туристерге ұсынылатын тарихи-мәдени құндылықтарды жетілдіру жолдары ұсынылды. Екі елдің ұлттық дәстүрлерімен, ерекшеліәктерімен, ұқсастықтарымен тереңірек таныстыратын бағдарламалар әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар киелі жерлерге, қасиетті орындарға сапарлауға саяхатшылардың қызығушылығын арттырудың басқа да әдіс-тәсілдері енгізілетін болды.
Форумға қатысушылардың барлығына белсенді бірлескен жұмыс үшін алғысымды айтамын. Өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы Омбыда өткізіледі. Шақыруымды қабыл алыңыздар», деді В.Путин.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы