Алматы • 14 Қараша, 2023
Жүгенсіз жүргізушілер азаяр емес
Мас күйде көлік тізгіндеу заңға да, арға да сыймайтын қылмыс екенін біле тұра, өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне немқұрайды қарайтындар азаймай тұр. Жыл басынан бері Алматы полицейлері қала көшелерінде 1 718 мас жүргізушіні жауапқа тартқан. Өкініштісі сол, мұндай азаматтардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары талай жанның өмірмен қоштасуына алып келген.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Қаржылық сауат алаяқтықтан сақтайды
Қазір алаяқтардың арбауына түсіп, қас пен көздің арасында қыруар қаржысынан айырылып қалып жатқандар көп. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті биылғы 10 айда «Q-Net» қаржы пирамидасы ұйымына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде 53 млн теңге көлемінде 40 адамға келтірілген залал толығымен өндіріліп, 47 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынған.
Пікір • 14 Қараша, 2023
Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптың бірі – Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаевтың үстінен «Адам өлтіру» бабымен қозғалған қылмыстық іс. Жұртшылық экс-шенеуніктің әйелі Салтанат Нүкенова-ның өліміне қатысты істің әр сатысын жіті бақылап отыр. Неге? Мәселе Бишімбаевтың «белгілі тұлға» болғандығында ғана емес, қылмыстың асқан қатыгездікпен жасалғанында да жатыр.
Аймақтар • 14 Қараша, 2023
Қандаланың дәрісіне уланып, қайтыс болған екі баланыңы әкесі Жанболат Келмеденов дезинсекцияға арналған препараттың құрамы анықталмай жатқанын айтты. Ол екі бірдей баласының өліміне себепші болған көршісін кешірмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Тәкей Есетовтің 100 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция басталмас бұрын Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің алдындағы қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.