Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Күй құдіреті араб әлемін мойындатты
Жуырда Тойкен Күдерова құрған Петропавлдың «Күдер» домбырашылар ансамблі Дубай қаласында өткен «Jumeirah Sounds» жасөспірімдердің халықаралық конкурсында өнер көрсетіп, елімізге бас жүлдені алып келді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Бүгінде Қостанай ауданындағы Алтын дала ауылының тұрғыны Алмас Доскеевтің отбасына лаң кіріп кеткендей, сергелдең күйге түскен. Айдың, күннің аманында олар «КЭЦ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 019 304 теңге айыппұл төлейтін болып шыға келді. Ауылда өз еңбегімен ғана күн көрген қарапайым отбасы қара қылды қақ жаратын сот әділдігінің ақсағанына налиды, өздерінің таза арын сақтап қалуды, намысын қорғауды ойлап күйінеді.
Қоғам • 12 Қараша, 2019
Сыбайластыққа қарсы күресте ілгерілеушілік бар
«Мемлекеттік басқару индикаторлары» шеңберінде сыбайлас жемқорлықты бақылау көрсеткіштері бойынша Дүниежүзілік банк зерттеуі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартын қолдану және Көліктік бақылау инспекциясы жүйесінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы туралы брифинг өтті.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Тарих қойнауына әлдеқашан еніп кеткен XX ғасырда жетпіс жылдан астам билік құрған коммунистік партияның саясаты ешкімді еркелетпегені, ешкімді маңдайынан сипамағаны және жалған дүниені ешкімге жалпағынан бастырмағаны белгілі. Дегенмен осындай орта мен күрделі қоғамдық құрылыста өз дәуіріне адал қызмет ете білген перзенттер мол болғаны да сол кезеңнің шындығы.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
«Оңтүстік Қазақстанның тұңғыш әкімі Марс Үркімбаевта таза тектілік те, адал-әділдік те, пиғыл-пейіл түзулігі де, білім-білік жан-жақтылығы мен тереңдігі де баршылық еді. Тұңғыш Президентіміз тұңғыш әкіміңізді тағайындарда: «Сіз СССР-да тұңғыш рет шаруашылық есепке көшкен жоғары оқу орнын құрдыңыз. Қазақстан бойынша алғаш рет қаржылық-өнеркәсіптік топты өмірге әкелдіңіз. Әкімдік жүйе – жаңа жүйе. Үлкен ғалымды үлкен үмітпен, жаңа тірлікті жаңаша өреді деген сеніммен әкім етіп тағайындай отырып, Оңтүстікте батыл бастамашы болады деп күтемін. Көрейікші күшіңізді», – депті әзіл-шынын араластыра күліп.