Қоғам • 15 Қараша, 2024
Елімізде нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік сараптама жүргізілмек. Осыған орай екі күндік тренинг өткізіліп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың заң қызметкерлері құжаттарға гендерлік сараптама жүргізу дағдыларын үйренді.
Теңге • 15 Қараша, 2024
Ұлттық валюта дизайны қанша рет өзгерді?
1993 жыл – Портреттер. Онда еліміздің ғылым, өнер, мәдениет, білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалар бейнеленген. Алғашқы қағаз ақшаның бір ерекшелігі – номиналдың орналасуы еді. Сандар ақ фонда, купюралардың алдыңғы жағының сол жақ төменгі бұрышында, ортасында әрі оң жақ жоғарғы бұрышында басылып шықты.
Сенат • 15 Қараша, 2024
Қазақстан – Қатар әскери ынтымақтастығы туралы заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында Қазақстан мен Қатар арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заң қаралды. Сенаторлар заңды мақұлдап, өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Теңге • 15 Қараша, 2024
Теңге дизайнында тек те, тегеурін де бар
Биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 31 жыл толды. Алғашқы дербес банкнотымыз Батыс валюталары үлгісімен жасалса да, ұлттық нақышты қамтитын бірегей стильге ие еді. Төл валютамыздың қазіргі келбеті мемлекеттік әрі ұлттық құндылықтарды айшықтайды. Жылдан-жылға дизайны жаңарып, заманауи қауіпсіздік талаптарына сай дамып келеді. Қазір теңге тек төлем құралы емес, елдігіміздің бірегей нышандарының біріне айналды.
Тұлға • 15 Қараша, 2024
Тарихымыздың аса күрделі кезеңдері туралы аңыз бен ақиқат, фольклор мен мұрағат қатар өрілгеннен кейін бе, осы күні БАҚ-та асығыс тұжырым, біржақты дәйек жарияланып жатады. Бірақ оны тездетіп түзеп, қателіктен сабақ алғанымыз абзал.