Оқиға • 14 Қараша, 2024

2026 жылдан бастап автокөлік нөмірлерін еркін таңдауға болады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін еркін таңдау мүмкін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылдан бастап автокөлік нөмірлерін еркін таңдауға болады

Фото: depositphotos.com

«Көлікке мемлекеттік нөмір белгілерін еркін таңдау мәселесі бойынша Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2025 жылдан бастап 10 АЕК төлеу және Ұлттық экономика министрлігінің атына енгізілген қажетті мемлекеттік нөмірді таңдау мүмкіндігін көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулер әзірлегенін хабарлаймыз. Бірақ бүгінгі күні жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімі, сондай-ақ осы норманы іске асыру мерзімі 2025 жылдан бастап 2026 жылға ауыстырылды», деді Қ.Сұлтанбаев.

Комитет төрағасы іске асыру мерзімінің 2026 жылдың 1 қаңтарына шегерілуін жұмыс көлемімен және Салық кодексіне үлкен өзгерістер енгізіліп жатқанымен түсіндірді.

Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігінің көліктерге мемлекеттік нөмір берудің бұл процедурасына техникалық дайын екенін атап өтті.