Ғылым • 15 Қараша, 2024
Нұршат Нұражы, профессор: Білікті мамансыз ғылым дамымайды
Біздің кейіпкеріміз – Нұршат Нұражы. Белгілі ғалым. Нью-Йорк «City University»-де PhD қорғаған. АҚШ-та жиырма жылдан аса уақыт тұрып, сондағы Массачусетс технологиялық институты, Техас технологиялық университеті, Америка Құрама Штаттарының Әуе күштері ғылыми зерттеу орталығында қызмет істеген. 2019 жылы атажұртқа оралған. Қазір Назарбаев университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры және сол оқу орнындағы Астана Ұлттық зертханасының зертхана меңгерушісі. Бүгін ғалыммен отандық ғылымның дамуы туралы әңгімелестік.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Ақжан әл-Машани мұражайы ашылды
Астанада фарабитанушы ғалым Ақжан әл-Машаниге арналған «Рухани мұра және қазіргі ғылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны қалалық Білім басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық, Ақжан әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Аймақтар • 15 Қараша, 2024
Көне дәуір дерегінен таныс Кескен күйік оғыздар кезеңіндегі ірі қаланың бірі болған деседі. Өткен ғасыр ортасына таман Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедиция алғашқы барлау жұмыстарын жүргізгенде қала орны әуеден фотоға түсіріліп, схематикалық жоспары жасалыпты. Көп ұзамай деректер қайта жинақталып, археологиялық барлау қазбасы салынған.
Тұлға • 15 Қараша, 2024
Адамның жүріп өткен өмір соқпақтарынан оның бітім-болмысы, таным-парасаты айқындалады. Негізі жасынан жақсылыққа құштар жаңашылдық жанына жақын, кішіпейілдікті, қайырымдылықты бойтұмар етіп, еліне қызмет етуге талпынған жандар халық қалаулысына айналары сөзсіз. Осындай өмір жолы өзгелерге өнеге тұтуға лайық азаматтың бірі – еліміздің білім саласының өркендеуіне елеулі үлесін қосқан, білікті басшы, беделді ұстаз, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Әділхан Жүсіпов.
Тұлға • 15 Қараша, 2024
Қазақта адамның мінезі мен ниетінің қалай болмағын Абайдай айтқан адам бар болса да, сирек. Тұтас халық үшін қамыққан, бүтін ұлтқа ақыл тереңдігімен рухани көсем болған Абай адамға қайрат пен ақыл, әділет пен шапағат жарасатынын айтады. Осы қасиеттері түгел адам шынайы адам болмақ. Мұндағы айтпағымыз – бойында кісілік қасиеттері түгел, дәуірінің дарабозына һәм көптің құрметіне бөленіп, есімі мен еңбегі туған халқымен бірге жасасып келе жатқан ардақты қайраткер азамат Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов турасында.