Зерде • 29 Қараша, 2024
Жалпы, Алла Тағаланың берекесі қонбаған мекеннің үстінде жұрт ел болып ұйыса алмайды, ал ілім қонбаған елдің болашағы мүлде жоқ. Алла сол елге ілімнің гауһар жаңбырын төгем десе, сол елдің ішінен өзіне ғана жүрегі бұрылып, оның асыл діні – Исламға буыны мығым бекіген әулие-әнбиелер арқылы жаудырады. Алланың сүйікті пенделері сол елдің құт-берекесіне, темірқазығына айналып, сол мекеннің алапатын асырып, ырысын молайтады.
Тарих • 29 Қараша, 2024
Құлагер – қазақ тарихында қасіретті оқиғаның құрбаны болған ерен жүйрік. Иесі – атақты Ақан сері Қорамсаұлы. Серінің: «Құлагер шешең сұңқар, әкең тұлпар, Соғып ем дөненіңде сегіз арқар» немесе «Құлагер топтан озған жүйрігім-ай, Жарасар келте жібек құйрығың-ай» дейтін зарлы толғауында жырланатын жануар осы. Бұл тұлпар хақында дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров «Құлагер» атты поэма жазды.
Руханият • 29 Қараша, 2024
Елімізде Алатау, Қаратау, Ұлытау сияқты биік, биік тауларымыз бар. Сонымен қатар қазақта рухымызды биікке көтеріп тұрған Әбіш таудың бары да хақ. Таулардың қалай пайда болатынын біз ХХ ғасырда көзбен көрдік. Ол құдіретті дарыннан пайда болады екен. Табиғи дарынға маңдай терін, жүректің лүпілін, еңбектің бейнетін, көкіректің қайғы-шерін қосқан талант қана жазушылық жолдан өтіп, жанының қанын ағызып, алпыс екі тамыры тебен инедей жіңішкергенше талмай қаламын ұстап, адам баласы таңданарлықтай керемет кітаптар туғызады. Қазақтың маңдайына біткен асыл Әбіш аға нақ сондай суреткер.
Таным • 29 Қараша, 2024
Күйші мен домбырашыны шатастырмайық
Жазушы, белгілі ғалым Қойшығара Салғараұлының: «Қазіргі кезде біз сөздің жаңғырығын ғана түсінеміз», деп айтқаны бар еді. Шынымен де, сөздің мағынасына көңіл бөлмеу белең алғаны рас. Әр нәрсенің сөздік ұғымы мен сипаттық ұғымын және мағынасы мен мазмұнын дұрыс түсініп, аражігін айырған жөн-ақ. Бірақ оған көңіл аударуға салғырттық таныту әдетке айналды. Қандай да бір сөздің не атаудың мағынасы мен өзіне тән қадір-қасиеті және өзіндік мәртебесі болады емес пе?
Әдебиет • 29 Қараша, 2024
Орыс прозасында ірі классиктерден сәл төменірек, екінші санатта бағаланатын хас дарындар бар: Лесков, Мамин-Сибиряк, Гаршин, Куприн, Бунин. Бұл жазушылардың бірқатарында қыпшақ қаны бар екені айдан анық, ол дүниені көру һәм қабылдау қасиетінен, сөз магиясынан, стильдік ерекшелігінен байқалып қояды.