Фото: Видеоскрин. Ақмола полиция департаменті
Облыс тұрғындары барлық қажетті ақпаратты полиция бөлімдері жанындағы аумақтық көші-қон қызметтері арқылы ала алады.
«Егер сізде немесе сіздің таныстарыңызда КСРО паспорты болса, құжаттарыңызды жоғалтсаңыз, туу туралы куәлігіңіз ғана болса немесе жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болмаса, Ақмола облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Кеңес алу үшін 8 (7162) 29-98-38 нөміріне қоңырау шалуға болады», делінген хабарламада.
Айта кетсек, 1 шілдеден бастап Қазақстан аумағында құжаттары жоқ адамдарды анықтауға және оларға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауқымды науқан жүргізіліп жатыр.