Әлем • Бүгін, 11:01

Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған

15 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Шу ауданы Искра ауылында мектеп оқушылары кәмпит пен тәтті спрей тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған

Фото: Ашық дереккөз

Шу облысы ІІБ-нің мәліметінше, 27 қарашада Тоқмок қалалық ауруханасына Искра ауылының кәмелетке толмаған 12 тұрғыны (2012, 2009, 2008 ж.т.) тамақтан улану диагнозымен түскен. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, барлығы үйлеріне шығарылған.

Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру амалдары басталған.

7-сыныптың 12 жасар оқушысы Искра ауылының қоқыс полигонынан «BEN 10» кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрей пакетін тапқаны анықталған. Артынша балалар тәттілерден уланған.

Өнімдер тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты деп бағаланған.