Өнер • 29 Қараша, 2024
Нұрғисадан бата алған, «Жезкиік» деп ән салған
Қазақ эстрадасының тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған санаулылардың бірі – композитор Жақсыкелді Сейілов оны әндерінің сұлу саздарына сүйсінгендіктен де болар өнерлі ортада «Ән әлемінің Жезкиігі» деп те атайды. Белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған «Жезкиік» әнінің алғашқы авторы атақты Нұрғиса Тілендиев болғанын бүгінде көпшілік біле бермейді. Бірақ Нұрағаң Жезқазғанға жолы түскенде Жақсыкелдінің «Жезкиігін» тыңдап, «мәтіннің сазын сен дәл тапқан екенсің, даланы сенің Жезкиігің шарлайтын болсын» деп батасын береді. Осы әнге байланысты кезінде Кәкімбек аға Салықовтың аузынан естіген мынандай естелік те ойға түседі.
Зерде • 29 Қараша, 2024
Білім саласында оқытумен бірге, қоғамдық қызметін қатар алып, ұлт ұпайын түгендеу жолында қажырлы еңбек еткендер аз емес. Солардың бірі – ардақты ардагер Еркін Дәуешұлы. «Кеудесі жақсылардың алтын сандық» демекші, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде ақсақалдың өнегелі өмірі кейінгі буынға қашанда өнеге болмақ.
Туризм • 29 Қараша, 2024
Қазақстан – Қытай: Туристер қатары арта түсті
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылын қорытындылап қана қоймай, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.
Жансарай • 29 Қараша, 2024
«Осыған тоқтадым! Болды! Уәдемде тұрамын, Гүлнәр апа!» Батырбек таңғы тәтті ұйқысынан бастырылыққандай азаппен селт етіп, қалшылдай оянды. Жүрегі зуылдап, ұсқыны қашып, тұра жүгіріп мұздай су құйынды. Мең-зең күйден лезде сергіп, таңғы шайын шапшаң ішті де, кеңшар кеңсесіне тартты.
Спорт • 29 Қараша, 2024
12–15 желтоқсан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогінің жалауы желбірейді. Жарыста еліміздің ұлттық құрамасы да өнер көрсетеді. Алғашқы матчты жерлестеріміз турнир басталған күні Беларусь елі спортшыларына қарсы өткізеді. 14 желтоқсанда ҚХЛ құрамасымен күш сынасады. Ал соңғы күні Ресей хоккейшілерімен шеберлік байқасады.