Мәдениет • 28 Қараша, 2024

Димаш Құдайберген «Diafa» жүлдесінің лауреаты атанды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген Дубайда «Diafa» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген «Diafa» жүлдесінің лауреаты атанды

Фото:Ашық дереккөз

Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

«Өнерге қосқан үлесі үшін DIAFA-ға рақмет!  Рақмет, Дубай!», деп жазды Димаш Құдайберген.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — жыл сайын Дубайда өтетін халықаралық марапаттау рәсімі. Ол өнерге, мәдениетке, бизнеске және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын таңдайды. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдағы Қазақстанның туризм жылының аяқталуына арналған халықаралық форумда Димаш Құдайберген «Киелі мекенім» әніне түсірілген жаңа бейнебаянын таныстырған еді.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30