Ұлттық спорт • 13 Қараша, 2024
Биыл қазақ күресінен түйе балуандар арасында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 13-рет ұйымдастырылды. Еліміздің әр аймағынан іріктелген атан жілік, апайтөс алыптар додасында топ жарған саңлақтарды салмақтағанда таразының зілмауыр басы Абай облысына ауып кетеді. Себебі 14 жылдың ішінде «Қазақстан барысы» атағын осы өңірдің оғландары бес мәрте олжалады. Одан бөлек, Семей топырағында туған сырттандар үнемі жүлделі орыннан да көрініп жүр.
Спорт • 13 Қараша, 2024
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанада 16-17 қараша күндері Билли Джин Кинг кубогі аясында өтетін Оңтүстік Кореяға қарсы матчқа қатысады. Қазақстан теннис федерациясы Е.Рыбакинадан басқа кездесуге Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева қатысатынын мәлімдеді. Теннисші қыздардың қарсыластары қазірдің өзінде белгілі. Оңтүстік Корея үшін Да Ен Бак (әлемнің 314-ракеткасы), Со Хен Пак (жұптық разрядта 252-ракетка), Ку Ен Ву (WTA, 418), Ким Дабин (жұптық разрядта 838-ракетка) ойнайды. Еліміз құрамасы Ұлттық теннис орталығының корттарында өтетін сайыстың фавориті болып саналады. Әлемдік командалық рейтингте еліміз құрамасы 13-орында, ал Корея 32-орында.
Аймақтар • 13 Қараша, 2024
Жезқазған қаласындағы «Қарлығаш» соматика санаторийі жанынан нейроортопедиялық кемшіліктері бар, 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. Ізгі іс-шара «Қазақстан халқына» қорының қамқорлығы арқасында мүмкін болды. Өйткені орталықты арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыруды осы қор өз міндетіне алып отыр.
Құтқарушы • 13 Қараша, 2024
Алматыда алғаш рет 9-сыныптан бастап балаларды құтқарушы мамандығына үйрететін «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. Жетісу ауданындағы №87 жалпы білім беретін мектепте ашылған жаңа сынып дәрісі Құтқарушылар күнінен бастау алды.
Аймақтар • 13 Қараша, 2024
Алаш үшін, қазақ үшін «бұлт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан» (Қазтуған) киелі төр, «қазақ рухының қағбасы» (Әбіш Кекілбайұлы) Ордабасыда ауданның құрылғанына 60 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.