Аймақтар • 13 Қараша, 2024

Қоғамдық қордың қамқорлығы

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласындағы «Қарлығаш» соматика санаторийі жанынан нейроортопедиялық кемшіліктері бар, 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. Ізгі іс-шара «Қазақстан халқына» қорының қамқорлығы арқасында мүмкін болды. Өйткені орталықты арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыруды осы қор өз міндетіне алып отыр.

Қоғамдық қордың қамқорлығы

Ұлытау облысы әкімдігінің қол­дауымен жөндеу жұмыс­тары жүргізілген ғимаратта емделушілерге барлық жағдай жа­салған. Жаңа орталықта жылына 600 баланың ем қабылдау мүмкіндігі бар. Мұнда мамандар әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру жүйесі аясында тегін қызмет көрсетеді.

– Орталықта жоғары деңгейдегі дәрігер-неврологтер, реабилитологтер, логопедтер, емдік денешынықтыру нұсқаушылары, дефектологтер, еңбек терапевттері, психологтер жұ­мыс іс­тейді. Мамандарды оқыту бірне­ше кезеңде, соның ішінде шетелдік тәлім­герлерді тарта отырып жүргізіледі, – дейді Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Сағындықова.

Орталықтың ашылу салтана­тына Ұлытау облысының әкімі Д.Рыспеков, «Қазақстан халқына» қоғам­дық қо­рының басқарма төрағасы Б.Ж­әмішев, басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

 

Жезқазған