Сыныпта оқушылар өрт, жер сілкінісі, суға түсу маусымындағы орын алатын оқыс оқиғалар барысында қалай әрекет етуді үйренеді. Ең бастысы, жеткіншектер жастайынан жеке өміріне, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, төтенше жағдайда пайдасы тиетін тәжірибелік дағдыларға машықтанады.
«Бұл – болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды қадам. Оқушылар жас құтқарушылар антын қабылдап, өздеріне елін, қорғау, төтенше жағдайда қауіпсіздік шарасын сақтау жауапкершілігін жүктеді. Балаларға сәттілік тілейміз. Олардың қоғам дамуына үлес қосатын тұлға болып қалыптасатынына сенеміз», деді Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева.
Сыныптың салтанатты ашылу рәсімінде келушілерге жол талғамайтын мотокөлік, қарда жүретін көлік, квадроцикл, жедел әрекет ететін өрт сөндіру машинасы сынды құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
«Жас құтқарушы» сыныбы өскелең ұрпақтың өз басына ғана емес, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне саналы да жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды, тұрақты тәжірибелік дағдыларды меңгеруді, төтенше оқиғалар кезінде жылдам әрекет ету қабілетін дамытуды көздейді. Болашақта жас құтқарушылар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырады деп үміттенеміз», деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.
АЛМАТЫ