Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Басынан өтпей, жүрегіне жетпей жазбайтын сияқты болады да тұрады. Мүмкін бір кезеңнің айтулы оқиғасы шығар, заманның зеріктірген жаттанды әңгімесі ме екен, бәлкім жалғыз ғана сәті не мезеті делік, бәрі бір адамның басына тап келе беруі мүмкін емес қой. Солай бола тұра, әңгімелеріне әулиенің айтқанындай сенесіз. Қалтқысыз сенесіз, қапысыз танисыз табиғатын. Бастан кешіргендей әсерленесіз. Жып-жылы жүректің буындай баурайтынын қайтерсіз және. Сондықтан біз таныған Мархабат Байғұт әңгімеші болып туған, жүре қалыптаспаған дер едік.
Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Адам жан-дүниесінің қатпар-қатпар сырына, құбылмалылығына, түу тереңде тыншып жатқан кей мінездердің кездейсоқ бір сәттерде шыға келетініне шын өмірден гөрі көркем шығармада анық көз жеткізіп жатамыз. Әрине, нағыз суреткер жазушы ғана кейіпкердің санасына дейін сәуле түсіріп, ішкі күйін, әр сезімін, түрлі оқиғадағы жылт еткен ойын, әсерін, толғанысын шебер жаза алады. Сұлу сөз, сылдыр сөйлем, жансыз теңеуден ада қаламгер ғана адам жанының әр толқуын шынайы жеткізе алады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2022
«Жасыл» бастамаларды қолдауға мүдделі
Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында көміртегі бейтараптығы бойынша үлкен міндеттемесі бар екені белгілі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзіне қарағанда, бұл бағытта халықаралық серіктестермен және түрлі стейкхолдерлермен нақты жұмыс жүргізілді, барлық мүдделі тараптың пікірлері ескерілді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2022
Алматыдағы жылу және электр энергиясының негізгі көзі саналатын екінші жылу электр орталығының газға көшірілетіні, бұл шешімнің қоршаған ортаға тигізетін әсерді мейлінше азайту мақсатында қабылданғаны белгілі.
Спорт • 28 Қараша, 2022
Финляндияның Сейняйоки қаласында конькимен жүгіру спортынан жастар арасындағы Әлем кубогінің бірінші кезеңі мәресіне жетті. Әлемдік додада бақ сынаған Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алды.