Басынан өтпей, жүрегіне жетпей жазбайтын сияқты болады да тұрады. Мүмкін бір кезеңнің айтулы оқиғасы шығар, заманның зеріктірген жаттанды әңгімесі ме екен, бәлкім жалғыз ғана сәті не мезеті делік, бәрі бір адамның басына тап келе беруі мүмкін емес қой. Солай бола тұра, әңгімелеріне әулиенің айтқанындай сенесіз. Қалтқысыз сенесіз, қапысыз танисыз табиғатын. Бастан кешіргендей әсерленесіз. Жып-жылы жүректің буындай баурайтынын қайтерсіз және. Сондықтан біз таныған Мархабат Байғұт әңгімеші болып туған, жүре қалыптаспаған дер едік.

Жазушының «Алпыс үшінші жылғы махаббат» деген әңгімесі бар. Басында өлеңі бар деп қоя жаздап, түзеп отырмыз сөзімізді. Жырлайды ғой, жырлайды жазушы. Қара сөзден қамшы өреді десек, қатқылдау естілер. Қара сөзбен жырлайды десек, жазғанына сай жараса кетер-ақ. Осы әңгімесін оқып бітіргенде, неге екенін қайдам, Өтежан Нұрғалиевтің «Ол кездердің сыры нәзік білгенге, біле тұра қалай ғана бармайсың, шындық үшін бас кететін күндерге?..» деген өлеңі еске түсті. Босағадан төрге озғандай шап-шағын әңгіме, әрине, махаббат тақырыбын жырлайды. Кейіпкері Бағдат пен Зылиқаның алғашқы махаббаты арқылы... бәрін айтып шығады.
Ол кезде, алпысыншы жылдардың шегінде махаббат үшін бас кетеді екен-ау, тегі. Махаббат, махаббат емес, тұнып тұрған саясат! Бір қасиеті, әңгімені күліп отырып оқисыз. Көңіліңіз көтеріліп, күле-күле оқисыз да соңынан ойланып қаласыз. Ертеректе көрген бір әзілді еске салады. «Кинотаспа сатам», дейді сахнада бір кемпір. «Апа, қай жанрда?» десе, «махаббат, комедия, қорқыныш (ужас), атыс-шабыс – бәрі осында», дейді апаңыз. Сөйтсе кино деп сатып отырғаны пәленше мен түгеншенің тойы. «Апа, мұның несі «ужас» десе, алыс-беріс кезінде екі жақтың «қырылып қалғанын» айтады. Сол сияқты алпысыншы жылдардың басында ғашық болғандар «коммунизмге Құдайдай, ал махаббат дегеніңізге Құдайдан бетер сенетіндер» екен ғой. Ол кезде жоспардан тыс ештеңе болмауы керек және. Мектепте ғашық болып, қызға хат жазу деген... Атама! Бас кетеді ол үшін. Мектеп жасында қайдағы махаббат, сахабат? Өрімдей жастар сабақ оқуы керек, пионерге қатысқаны өз алдына, жылдың төрт мезгілінде қоғамдық шаруаларды тындырысуға атсалысып, коммунизм таңына тезірек жетуге өз үлесін қоспаса, кім болғаны? Онда арамтамақ атанып, әбілет басқаны. Сондықтан өзінен төмен сегізінші сыныптағы Зылиқаны ұнатып жүрген оныншы сыныптағы Бағдатыңыз бар ғой, күзде жүгері жинауда өнімді еңбек етуі үшін бір тоқсан емес, қатарынан екі тоқсан сабақты босатуға әзір еді-ау. Мектепке барып, партаға отырғаннан миына құя берсе, өйтпегенде қайтсін? Әңгімеде айтылғандай, тіпті оның Зылиқаға ғашықтығын білдіруінің өзі – сонау төменгі сыныптардан жоспарланып қойылған дүние. Бұрын тек он-ақ жыл оқып жүрсе, дәл сол жылы он бірінші сынып ашылғаны оған екі есе мүмкіндік берді. Бірақ бір-біріне ынтыққан екі жастың сезімінде кіршік жоқ, алғаусыз еді.
Бағдаттың ғашықтығы шүбәсіз, екеуі қашан кезігеді, тіл қатысады деп ойлайсыз оқып отырып. Сол тұсына жетер тұста әңгіме қыза түседі-ау деп жылжи бергеніңізде, алдыңыздан Алгебра пәнінен сабақ беретін ағай шыға келеді. Ол өзі Зылиқа оқитын сыныптың жетекшісі екендігімен қоймай, мектептегі партия ұйымының хатшысы болып шығады. Сегізінші, оныншы, тағы басқа сыныптарға сабақ береді әрі әр оқушыны көзден таса қылмайтын қырағы. Коммунизм қоғамында жоспарсыз ештеңе жүзеге аспасын дәріптеп жүрген белсенді. Мектептің өзінде осындай саяси үрдістер қыз-қыз қайнап жататыны соншалық, Бағдаттың Зылиқаны әңгімеге тартып, сөйлес қылуының өзі қиын. Мектепте кездесіп сөйлескен былай тұрсын, хат жазып ұсталып қалсаң, біттің дей бер. Осының алдында бір жыл бұрын жоғары сыныптағы жігіттің хатын көздеген қызына беріп жатқанда, қасындағы құрбысы байқап қойып, жалма-жан Алгебра ағайға жеткізіпті. Содан сасқалақтаған қыз әлгі хатты, не керек, оқи да алмапты. Жиналысқа салғанда, «орта тұсында» дейді жазушы, «қыз бала басы айналып талып түспегенде, не боларын бір Құдайдың өзі білсін». Тәртіп осындай қатты болғандықтан, біздің басты кейіпкер Бағдаттың да хат жазып, оны жеткізуінің өзі – арыстанның апанына барғандай қауіпті әрекет. Біреуге сезіміңді жеткізудің өзін осыншама қиындатып қойған қоғамда қайткен дұрыс деп дымыңыз құрып бітеді-ақ.
Содан, қойшы әйтеуір, мектепте тақалып тілдесу мүмкін болмаған Бағдат жүгері жинауға барғанда Зылиқаға жақындай алмағанымен, жарты дәптер хат жазып жібереді ғой. Сондағы Алгебра ағайдың ықпалын қараңыз. Хатының соңына Бағдат: «Алгебра ағайға апарып берсең де бәрібір, айтқанымнан қайтпаймын, мен сені сүйемін!» деп қосты», дейді.
Тиісінше, Зылиқадан келген жауап хаттар да Алгебра ағайға деген үрейге толы: «Кейбір әлсіз, әрсіз минөттерде бұлайша қиналып, қорыққанша» дейді Зылиқа, «Алгебра ағайға апарып, құтыла салсам ба екен деп те ойладым. Бірақ хатыңызды қатыгездікке қалай қиярмын. Үш-төрт күндей жасырып ұстап, қайта-қайта оқыдым. Ақырында, Алгебра ағайды ойлап, отқа өртедім. Бекер өйттім-ау деп тағы өкіндім кейін. Кеше Алгебра ағай класты түгел алып қалып, қатты ұрысты. Біліп, сезіп қойған екен деп зәрем ұшты» деп және қосады ғашық қыз.
Мұның сыртында екі жастың ұйқысы мен күлкісін бұзған махаббаттың өз машақаты, мына хаттарда көрінгендей, Алгебра ағайдың үрейі бар, сіздің де жарты жүйкеңіз сыр бере бастағанда, Бағдат пен Зылиқа кездеседі-ау. Ал олардың кездесу үшін құрған жоспарлары бұған дейін қанша сөз шығындасақ, тағы соншама сөз жұмсауды қажет ететін әңгіме. Бірақ асқан құштарлықпен, жып-жылы сүйіспеншілікпен жазылғандықтан, рахаттанып оқисыз.
Жоғарыдан бері біз ежіктеп, әрбір нүктеге тоқталуға тырысқанымыздай жазушы әңгімеде әлгі детальдарды барынша жатық өріп, тігісін жатқызады. Тіпті басында күліп, одан кейін екеуі қалай кездесіп сөйлесерін ойлап дымыңыз құрып, одан соң кездескен сәттеріндегі буы бұрқыраған құштар сөйлемдермен бірге тыныстап, қатты әсерленесіз. Суреткердің шеберлігі сол, әңгімені оқып отырғанда, айтқысы келген мәселесін баттитып көрсетпеген, керісінше, қыз бен жігіт сезімдерінің арасына жасырып жіберген. Мына біз шетін шығарған саяси ахуалдарды оқып болған соң, ойланып бір-ақ байқағандай болдық. Мүмкін ондай дүниелерді айтқысы келмеген де шығар, кім біліпті, біз солай түсіндік. Ал суреткердің жазып отырғандағы жүрегінің қағысы туралы айтып жеткізу тіпті қиын. Ол жазбайды, жырлайды!
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Пікір • Бүгін, 00:21
Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды
Сенат • Бүгін, 00:19
Экономика • Бүгін, 00:14
Экономиканы рецессия күтіп тұр ма?
Экономика • Бүгін, 00:07
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Ұқсас жаңалықтар