Кәсіпқой бокс • 28 Қараша, 2019
Алматыдағы жарысты ESPN арнасы көрсетеді
16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында керемет кәсіпқой бокс кеші өтеді. «MTK Global Kazakhstan» компаниясының мұрындық болуымен ұйымдастырылғалы отырған жарыста бірқатар мемлекеттен келген гүрзі жұдырықты жігіттер өнер көрсетеді. Сол саңлақтардың дені Қазақстанның өрендерімен күш сынасады.
Руханият • 28 Қараша, 2019
Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе.
Әдебиет • 28 Қараша, 2019
Абайдан соң... Мұқағали сөздігі
Қоржыны қазынаға толы қазақ әдебиетінің жүріп өткен сүрлеулі, соқпақты жолына көз салсақ, шығармаларымен оқырман санасында жатталып қалған талантты қаламгерлер көп-ақ. Әдебиетке еңбегі сіңген ақын-жазушыларды кейінгі ұрпақтың ұлықтап, мадақтауы заңдылық екенін ескерсек, қазіргі таңда да ұлылардың ұлағаты қадари-халінше насихатталуда.
Руханият • 28 Қараша, 2019
Күллі Еуропа құрлығын елең еткізген Ержанның ерек үні күні кеше тағы да жаһан назарын өзіне бұрғызды. Балалардың әлемдегі ең үздік ән байқауы – «Junior Eurovision song contest-2019» жобасында 2-орын тұғырынан көрінген талантты жастың жеңісі – мұқым қазақ елінің мерейі, мақтанышы екені даусыз.
Технология • 28 Қараша, 2019
Сергей Ахметов: Деректерді ала алмау – Big Data-ға үлкен кедергі
Мамандардың айтуынша, бұрын зерттеу жұмысын жасау үшін ғалымдарға 20-30 жыл уақыт кеткен болса, бүгінде түрлі IT технологиялар арқылы қажет деректерді 3-4 айда жинауға болады. Кез келген саланың жұмысын жеңілдету үшін бүгінде үлкен деректерді өңдеу технологиясының мүмкіндігі мол. Big Data туралы жұрт жиі естіп, интернеттен оқып жүрсе де, өз маманы болмаған соң, оның қаншалықты қауқарлы екенін түсіну қиын. Аталған технологияның маңызы мен мүмкіндіктері жайында білу үшін Big Data and Analytics қауымдастығының президенті, Marketo компаниясының бас директоры Сергей АХМЕТОВПЕН әңгімелескен едік.