Кәсіпқой бокс • 28 Қараша, 2019

Алматыдағы жарысты ESPN арнасы көрсетеді

381 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

16 желтоқсанда Алма­тыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында керемет кәсіпқой бокс кеші өтеді. «MTK Global Kazakhstan» компаниясының мұ­рын­дық болуымен ұй­ым­дастырылғалы отырған жарыста бір­қатар мемле­кеттен келген гүрзі жұ­­дырықты жігіт­тер өнер көрсетеді. Сол саң­­лақ­тардың де­ні Қа­зақстанның өрен­дерімен күш сынасады.

Алматыдағы жарысты ESPN арнасы көрсетеді

Бірден айта кетейік, бұл жа­рыстың өзге бәсекелерден бәсі мүлде бөлек. Олай деуге не­гіз, Ала­­тау баурайында өте­тін жекпе-жек­тер ESPN теле­арнасы арқылы тікелей эфир­ден төрткіл дүниеге та­­рай­ды. Ал іргетасы осыдан

40 жыл бұрын АҚШ-та қаланған әлем­ге әйгілі арнаның ауқымы мен аудиториясы қаншалықты кең, талғампаздығы мен таны­мал­дығы қандай дәрежеде екенін осы салаға тікелей қатысы бар мамандар ғана емес, тіптен спорт­­тан титтей де хабары бар адам­­дардың өздері де жақсы біледі. Олар қатардағы көп жарыс­тардың барлығын қаз-қатар көрсете бер­мейді. Осы жайт­тардан-ақ, ESPN-нің назары тек бәсі бөлек және деңгейі жоғары бәсекелерге ғана ауатынын аңғаруға болады.

Алматыдағы бәсекелер ESPN-нен бөлек, 550 мыңға жу­ық жа­зылушысы бар бокс кон­тенті бо­йын­ша әлемдегі ең ірі арналардың бірі – IFL TV және басқа да желі­лер бойынша көптеген елдерге тарайды.

Жарыстың өзіне келер бол­сақ, сол кеште барлығы 12 кез­­десу өтеді. Басты жекпе-жек­те қазақстандық Виктор Ко­то­чи­гов WBC International нұс­қасының жеңіл салмақтағы ал­тын белбеуін сарапқа салады. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. 26 жастағы Тараз қаласы тумасының кәсіпқой рингте жұ­дырықтасып жүргеніне төрт жылға жуықтап қалды. Сол ара­лықта 10 кездесу өткізген Ко­точигов барлығын жеңіспен аяқ­тады. Төрт қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Өз жекпе-жектерін ол тек Қазақстанда ғана емес, Қытай, Грузия, Германия, Ұлыбритания және Ресейде де өткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тағы бір айта кетерілігі, осыдан біраз жыл бұрын Виктордың ислам дінін қабылдағаны белгілі. Сон­дай-ақ ол қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді.

Алатау баурайында орна­ласқан әсем шаһарда өтетін дү­бірлі додада Виктор Кото­чи­говтан бөлек, білікті басшы, іс­кер азамат Асқар Салықбаев же­текшілік ететін «MTK Global Kazakhstan» компаниясының құрамындағы қырандар – Ес­кен­дір Харсан, Абай Төлеш, Рай Сейітжанов, Елшат Нығ­метолла, Нұртас Әжбенов, Сұл­тан Зәуірбек, Мирасәлі Сәрсенов және Нұрдос Төлебай өнер көр­сетеді. Сонымен қатар сол кеш­те Рио Олимпиадасының же­ңім­пазы, әлем және Азия чем­пио­наттарының күміс жүл­дегері, Өзбекстанның жар­­қын жұлдызы Фазлиддин Гаиб­назаров, кәсіп­қой рингтегі 13 кездесуінің бар­лығында же­ңіске жеткен (8 нокаут) Ни­ге­рияның «қара маржаны» Алиу Бамиделе Ласизи және 36 бә­секенің тек төртеуінде ғана же­ңіл­ген Оңтүстік Африка Респуб­­ли­касының оғланы Хекки Буд­лер де күш сынасады.

– «MTK Global Kazakhs­tan» менеджерлік компаниясы би­ылғы жылы ғана құрылды. Соған қарамастан біз қысқа ғана мерзім аралығында біраз шаруа тындырдық деп еш қымсынбай айта аламын. Мәселен, Дубай, Нұр-Сұлтан және Алматы қа­ла­ларында дүркіреген додалар өткіздік. Сол бәсекелердің бар­лығында қазақтың қайсар жі­гіттері өз өнерлерін ортаға сал­ды. Олар үшін бұл – үл­кен тәжірибе мектебі. Біз өз қа­та­рымызға әркез мықты ма­мандар мен жалынды жастар­ды тартуға тырысамыз. Был­ғары қолғап шеберлерінің еш алаң­сыз жаттығуына, жекпе-жектер өткізу арқылы рейтинг­те жоғарылауына барынша жағдай жасап отырмыз. Ондағы бас­ты мақсат – кәсіпқой бокс­ты серік еткен Қазақ елі өрен­де­рінің әлемдік ареналарға шы­ғуына даңғыл жол ашу. Өз отандастарымыздың та­нымал­дылығын арттыру мақса­тында әйгілі ESPN арнасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ортақ мәмілеге келдік. Осыған дейін ТМД аумағындағы бірде-бір мемлекет ондай келісімге қол же­кізе алмаған еді. Ал біз аме­рикалық арнаны екінші мәрте Қазақстанға әкеліп отырмыз. Осылай тізбектей берсек, біраз жұмыс атқарғанымызды айқын аңғаруға болады. Бірақ біз осы шара­лармен ғана шектеліп қал­маймыз. Қазақстанның кәсіп­қой боксын дамытып, жаңа бе­лес­терге шығу үшін алда әлі де атқарылуға тиіс шаруалар шаш-етектен, – дейді аталған ком­­панияның жетекшісі Асқар Салық­баев мырза.

Сонымен 16 желтоқсанда Ал­матыдағы Балуан Шолақ атын­дағы мәдениет және спорт сарайында өтетін бокс кешінде Қазақстанның туы астында кім­дердің өнер көрсететінін біз жо­ғарыда толық баяндадық. Ал енді олардың кімдермен жұ­ды­рықтасатындары жайындағы ақ­­паратты таяу күндері жариялаймыз.

 

АЛМАТЫ