Аймақтар • 05 Қараша, 2019
ШҚО-да «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы өз нәтижесін беруде
2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 171 адам жұмысқа орналастырылса, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Бақытжан Сағынтаев Санкт-Петербургтан келген делегацияны қабылдады
Қос тарап екі қала арасындағы сауда саттық, білім және мәдениет жайында сөз қозғады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр балаға жеке емдеу жоспарын құрайды
2016 жылдан бастап жұмыс істейтін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты «әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Арнайы әлеуметтік қызметті үйде де, жартылай стационар жағдайында да алуға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Елорданы газбен қамту 3 кезеңнен тұрады
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орыбасары Ермек Қизатов көгілдір отынның астанаға қашан келетіні туралы айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласы» сахналанды
Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театры шымылдығын «Жәмилә» премьерасымен ашты. Жаңа маусымдағы бұл туынды – театр репертуарындағы алғашқы қазақ тіліндегі қойылым. Ізденімпаз жастардан құралған театр қойылым үшін Қырғыз елінен режиссер Ұланмырза Қарыпбаевты арнайы шақырған. Тұсаукесерге жазушының ұлы Эльдар Айтматов келді. Режиссер мен актерлік құрам Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесін таңдапты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.