Қоғам • 08 Қараша, 2024
Дене тәрбиесіне кешенді көзқарас керек
Ұлт болашағын дені сау, мақсаты айқын, әлеуметтік белсенді ұрпақпен байланыстыра отырып, сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету – әрбір мемлекеттің көп заманнан бері келе жатқан басымдығы. Осы үздіксіз үдерісте еліміздің қолданыстағы дене шынықтыру тәжірибесін неғұрлым тиімді, икемді бағытқа бұруға ұмтылатыны заңдылық.
Digital • 08 Қараша, 2024
Америкалық жазушы Айзек Азимов «Робот адамға зиян тигізбек түгіл, өзінен келетін қауіптерден де құтқаруы керек» дейді. Бұл – фантаст қаламгердің өзі жан беретін роботтарына қоятын басты талабы. Ал ең ғажабы, шынайы өмірде де көптеген робот «жанашырлық» қамытын киіп жүр. Сөзімізге дәлел де көп.
Технология • 08 Қараша, 2024
Елімізде 5G мобильді байланысы 2022 жылы іске қосылған. Алайда ол кейбір қалаларда ғана бар. Дегенмен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәде бергендей, келесі жылдың соңына дейін жаңа байланыс желісі елдің барлық облыс орталығында пайда болады. Оған дейін 5G-дің ерекшеліктері мен отандық операторлардың қандай мүмкіндіктер ұсынатынын қарастырайық. 5G-ге өту үшін смартфонды ауыстыру қажет пе? Жаңа желіге қалай қосылуға болады? 5G интернеті қай жерлерде жұмыс істейтінін қалай тексеруге болады?
Digital • 08 Қараша, 2024
Оқушы бағдарламасы киберқылмысты әшкерелейді
Игілік үшін жасалған жасанды интеллектінің қиғылық ісі де баршылық. Оны хакерлер қарапайым азаматтың деректерінен бастап, мемлекеттің құпия ақпараттарын қолға түсіретін таптырмас құрал ретінде пайдаланып отыр. Бұл – дүниежүзіндегі түйткілді мәселе. Осы киберқылмыстың алдын алу мақсатында Астанадағы 11-сынып оқушысы Жәнібек Дулатұлы «Chat GPT» сынды платформа ойлап тапты. Жаңа жобаның ерекшелігі – ақпараттың рас-өтірігін анықтайды.
Әскер • 08 Қараша, 2024
Төрткүл дүниедегі түрлі қақтығыстар отандық Қарулы күштер жасағының сақадай сай болуын талап етеді. Бірақ ел қауіпсіздігінде енжарлық танытып, әскерден қашып, шақыру қағазын елемей жүрген азаматтар бар. БАҚ беттеріндегі мына бір дерекке сүйенсек, биылғы көктемгі науқанның өзінде 20 мыңға жуық жас әскерге барудан бас тартқан. Әсте бұған себеп те жоқ емес.