Үкімет • 07 Қараша, 2023
Конфессияаралық келісімнің ортақ моделі
Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Абу-Даби қаласында өткен «Сенімдердің тоғысуы: рухани лидерлердің жаһандық жаңғыру жолында бірігуі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Сондай-ақ ол сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктері Федералды Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті.
Сайлау • 07 Қараша, 2023
Өткен жексенбіде еліміз маңызды тағы бір саяси белесті бағындырды. 5 қарашада алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті.
Экономика • 07 Қараша, 2023
Шағын және орта бизнес дамыса, халықтың ахуалы жақсарады. Мұны экономистер үнемі ескертеді. Істің көзін білетін азаматтар мемлекеттің қолдауынан қалыс қалмаса, мүмкіндікті пайдаланса екен дейсің. Біз мұны бірер күн бұрын қаладағы бизнес-нысандарды аралағанда түсіндік.
Алматы • 07 Қараша, 2023
Осыдан 11 жыл бұрын 25 желтоқсанда ҰҚК Шекара қызметінің «Астана – Шымкент» бағытына ұшқан әскери ұшағы апатқа ұшырап, 27 әскери қызметшінің қаза табуы қалың бұқараның қабырғасын қайыстырды. Сол күні Астана қаласында Шекара қызметінің жылды қорытындылаған Әскери кеңесі өтіп, жауынгерлік-даярлық қызметінің үздіктері марапатталған болатын. Осы рәсімнен соң Шекара саласының басшысы, полковник Т.Стамбеков бастаған топ әскери ұшақпен Шымкентке бет түзеген-ді. Өкінішке қарай, әскери бөлім командирлері мен әскери қызметшілер діттеген жерге жете алмады...
Баға • 07 Қараша, 2023
Баспана мәселесі әлі де болса ел тұрғындарының бас ауруына айналып тұрғаны белгілі. Үйсіз-күйсіз сенделген жұрт бар тапқан-таянғанын пәтер қожайындарына түгелімен санап беруге үйреніп барады. Өйтпеске басқа амалдары да жоқ.