Күрес • 27 Қараша, 2017
Алматы облысы Алакөл ауданында іссапарда жүргенбіз. Қабанбай батырдың 325 жылдық тойы. Жол үсті өткенде көргеніміз – шалғайда қалған ауылдардың көпшілігі жаңармай қалыпты. Бір кезде тіршілік қайнап жататын еді деген естеліктерді естіп, қараусыз қалған қамбалар мен гараждарды, әлдебір ғимараттардың арбиған қаңқасын көрген сайын көңілің жабырқайды.
Театр • 27 Қараша, 2017
Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқызы» ел-жұртына қайта оралды
Әр дәуірде ғұмыр кешкен, есімдерін ел ардақ тұтқан ақын-жыраулар арасында Нұрпейіс Байғаниннің өзіне лайықты орны бар екеніне кешегі және бүгінгі әдебиеттанушы ғалымдар бір кісідей қол қояды. Жыр алыбы – Жамбыл болса, Жырдың нәрі Нұрпейіс деген де бейнелі сөз бар. Оның жыр, қисса, дастан, поэмаларының арасында шоқтығы биік туындысы «Нарқыз» деуге болады. Бұл дастан халқымыздың бойындағы ең асыл қасиеттер – елдік пен ерлікті, ауызбіршілік пен ынтымақты, бірлік пен ел тұтастығын дәріптеуге арналған. Бүгінде халық ақынының өмірден өткеніне 70 жылдан асып кетсе, аталған шығармасының халық арасына таралғанына бұдан да көп уақыт өткені анық.
Кино • 27 Қараша, 2017
Тастағы шежірелеріміз экранға сұранып тұр
Осыдан бірнеше ай бұрын үндінің атақты «Махабхарата» эпосы бойынша фильм түсірілуде және Болливуд тарихындағы ең бір қымбатқа түсетін бұл фильмнің тұсаукесері 2020 жылы өтеді» деген хабарлама әлемнің барлық баспасөз беттерінде жарияланды.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілуде?
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Тәуелсіздіктің 18 миллион тірегі
«Егемен болмай ел болмас» деген. Ғасырға жуық уақыт десі басым державаның дегенімен жүрген елдің демографиялық ахуалы қайдан оңсын?! Ал бүгінде халық саны бұрын-соңды болмаған деңгейде өскені, атыңнан айналайын, азаттықтың арқасы екені хақ.