Аймақтар • 03 Қараша, 2019
Тұрғындар полиция бастығының WhatsApp мессенджеріне жаза алады
WhatApp +7-708-432-46-00. Бұл - Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Әлібек Ғабдуллиннің нөмірі. Осы нөмірмен тұрғындар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы жедел хабарлай алады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2019
Көктемде Алматының ескі орталығы жаңарады
Алматының ескі орталығын жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды.
Аймақтар • 03 Қараша, 2019
Мамандар үш тілді білім беруді енгізу барысын талқылады
«Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу: қазіргі жағдайы және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырды.
Аймақтар • 03 Қараша, 2019
Мүгедектерге арналған мүмкіндік
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау» кәсіпкерлікке баулу сыныптарында арнайы оқыту орталықтары ашылып, оған мүмкіндігі шектелген жандарды барынша тарту шаралары қолға алынған. Сондай орталықтың бірі Алматы қаласындағы «Үміт» мүгедектерді қолдау орталығында жұмыс істейді. Мұнда өз кәсібін ашқысы келетін 40-тан азамат дәріс алып, кәсіпкерлік негіздерін үйренуде.
Аймақтар • 03 Қараша, 2019
Кәсіпкерлер палатасының кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды
1 қарашадан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды. Үміткерлер сайт арқылы өтініш бере алады.