Аймақтар • 03 Қараша, 2019

Мамандар үш тілді білім беруді енгізу барысын талқылады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 «Мектептерде үш тілді білім беруді енгізу: қазіргі жағдайы және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырды.

Мамандар үш тілді білім беруді енгізу барысын талқылады

Конференция барысында көптілді білім беруді жүзеге асырудағы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы, көптілді білім беру жағдайындағы мемлекеттік тілдің рөлі, тіл мен пәнге кіріктірілген оқыту әдістемесін (CLIL) енгізу және дамытудың өзекті мәселелері, ұлттық мектептерде үштілді білім беруді дамыту, сондай-ақ көптілді тұлғаны қалыптастырудағы үштілді білім берудің рөлі тақырыптары талқыланды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д. Садвакасова Раиса Аждаровна  үштілді білім беру стратегиясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық дәрежедегі конференцияға қатысушыларды құттықтап, іс-шара барысында қарастырылатын мәселелердің тиімді шешім табатынына сенім білдірді.

Конференция жұмысына АҚШ елшілігінің, Британ Кеңесінің, Француз Альянсының өкілдері, ЕҚЫҰ ШҚНМ аймақтық мектебінің (Эстония, Қырғызстан), Жоғары оқу орындарының (КИМЭП, СДУ) сарапшылары, Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагог қызметкерлері, пән мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда Сингапурдан, Украинадан келген қатысушылардың бейнедәрістері және әлемнің түрлі елдерінен келген көптілді білім беру саласындағы сарапшылармен сұхбаттары ұсынылды. Қатысушылар конференцияның дайындық және өткізу деңгейін жоғары бағалады.

 

АЛМАТЫ