Президент • 03 Қараша, 2023
Қазақстан-Мажарстан: Серіктестік жаңа деңгейге көтерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Сұхбат • 03 Қараша, 2023
Мустафа КАПУДЖУ: Бізді біріктіретін – ортақ мүдде
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 31 жылдан асты. Тығыз стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңге жайылды. Бүгінде Еуразиядағы екі ірі ұлт ретінде қос мемлекет түркі халықтарының мәдени, тарихи және тілдік мұрасын дамытуға үлес қосып отыр. Сондай-ақ қос елдің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени, әлеуметтік, коммуникациялық және басқа да салалардағы ынтымақтастығы жылдан-жылға артып келеді. Бүгін елорданың төрінде тәуелсіз түркі мемлекеттерінің басшылары бас қоспақ. Ұйымның мерейтойлық саммитінде мемлекет басшыларының бірқатар маңызды шешім қабылдауы күтіліп отыр. Осы орайда Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа КАПУДЖУ мырзамен арнайы жолығып, әңгімеге тартқан едік.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Шымкент қаласы: Жанармай бекеттерінде кідіріс бар
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Шымкентте сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Бақытжан Ерназаров өткен жексенбіде 64 теңгеден газ құйдырыпты. Бірақ бекеттер 1000 теңгеден жоғары сатып жатқан жоқ екен. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері бекетке газ құйдыруға барса «газ жоқ» деп қайтарып жіберіпті. Ол соңғы кездері қалада газ тапшылығы жиі байқалатынын айтады.
Баға • 03 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысы: Батыста тапшылық байқалады
Батыс Қазақстан облысында соңғы уақытта газ тапшы бола бастады. Көлігі сұйытылған отынмен жүретін оралдықтар жанармай бекетінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр.
Білім • 03 Қараша, 2023
2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтады. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 1 000 ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша қабылданатын студенттердің санын 2029 жылы 80 мыңға жеткізу жоспарланған. Білім саласындағы осы және өзге де маңызды мәселелер мен алдағы жаңалықтар жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.