Қоғам • 05 Қараша, 2024
КСРО әскері сапында ядролық оқтұмсықтарға арналған зымырандар ұшырып, сынаққа қатысқан жан Шымкентте тұрады. Бұл жауапты әрі құпия әскери маман иесінің аты-жөні – Дүйсенбек Дәрібаев.
Тағзым • 05 Қараша, 2024
Әлемнің әйгілі жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов – 100 жаста. Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлының шығармашылығы ғасыр шеңберіне сыймайды.
Қоғам • 05 Қараша, 2024
Биылғы 14 қазан – Шымкент қаласындағы Cарыбаев отбасы үшін ұмытылмайтын күн. Себебі газдан уланған жанұя ажалдан құтқарылды. «Мұндай періште қаққан сәттер жиі бола бермейді» дейді бір отбасын аман алып қалуға барын салған «QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент қалалық өндірістік филиалы апаттық-диспетчерлік қызметінің cлесарі – Ермахан Маңқараев.
Әдебиет • 05 Қараша, 2024
Қызылжарлық Зейнолла Әкімжановтың есімін әдебиетсүйер қауым жақсы біледі. Саналы ғұмырында облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Облыс жұртшылығына етене таныс болды, газеттің әрбір нөмірі сайын оның әртүрлі тақырыпқа шығарған өлеңдері, лирикалық толғаулары, әдебиет, мәдениетке байланысты сыни мақалалары, кейде тіл, әдебиеттің өткір мәселелері сияқты өзекті проблемаларды көтерген жазбалары жарияланып жататын. Ол «Сегіз сері», «Кенесары», «Анамның арашасы», қара сөзбен «Шебер» поэмасын жазды.
Айбын • 05 Қараша, 2024
Күрең қызыл берет киген 29 жауынгер
Күрең қызыл берет – жауынгерлік даңқтың, батылдық пен абыройдың белгісі. Шымкенттің «Орда» полигонында Арнайы операциялар күштерінің 29 әскери қызметшісі біліктілік сынағынан сүрінбей өткендіктен осынау мәртебеге қол жеткізді. Мұндай әскери баскиім кию – тек мықтылардың қолынан келетін іс.