Мәселе • 01 Қараша, 2024
Монополиядан арылудың амалы қандай?
«The Diplomat» басылымы Қазақстан экономикасының ірі секторлары толығымен мемлекеттің, шетелдік компаниялар мен бизнес-элитаның бақылауында екенін, өзгелеріне артықшылығы аз секторларда ғана орын бар екенін, ішкі жалпы өнімнің 76%-ы солардың уысында шоғырланғанын жазады. Қазіргі уақытта өндіру және өңдеу саласының (мұнай, газ және металдарды қоса алғанда) 29%-ы, сауда саласының 16%-ы, банк ісі және жылжымайтын мүлік саласының 12%-ы, байланыс саласының 11%-ы, құрылыс саласының 6%-ы, энергия саласының 2%-ы монополистердің қолында.
Экономика • 01 Қараша, 2024
Экожүйенің күшеюі экономиканы жақсартады
Халық тарапынан онлайн қаржылық қызметтерге сұраныс артып жатқандықтан, банктер цифрлық платформаларға инвестиция салуға мәжбүр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы үш жылда отандық банктердің IT-ге жұмсайтын ақшасы қазіргі 8-10%-дан 15-17%-ға дейін көбеймек. Бұл туралы «Standard & Poor's» (S&P) агенттігінің Орталық Азия мен Кавказдағы бөлшек банкингтің цифрландырылуына қатысты шолуында жазылған.
Ғылым • 01 Қараша, 2024
Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы (ҚПҒА) қоғамдық бірлестігі 2004 жылы үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) ретінде ашылды. Ұйымның ашылуы елімізде демократиялық қоғам құру мақсатында жасалған маңызды қадамдардың жемісі болды.
Мәселе • 01 Қараша, 2024
Квадробика еріккеннің ермегі ме?
Осыдан тоғыз жыл бұрын Жапонияда пайда болып, кейін әлемнің бірқатар мемлекетінде тарала бастаған квадробика, яғни жануарларға еліктеушілер қозғалысы біздің елге де жетті. Бетіне аңның немесе малдың жүзі бейнеленген маска тағып, үстіне сол жануардың денесіне ұқсатып тіктірген костюм киіп, көшеде төртаяқтап жүрген квадробер-жеткіншектерді Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Орал, Тобыл қалаларында көргендер бар.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Әлеуметтік желі біздің өмірімізге араласқалы оның пайдасы мен зияны туралы да түрлі көзқарас бар. Қалай десек те, интернеттің күнделікті өмірімізді өзгертіп жатқанын жоққа шығармаймыз.