Спорт • 08 Қараша, 2021
15-19 желтоқсан күндері Түркияның астанасы – Анкарада волейболдан әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионатының жалауы желбірейді.
Футбол • 08 Қараша, 2021
Алматының «Қайраты» осыдан бірер апта бұрын футболдан УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңдегі кезекті тур ойынын түзде Әзербайжанның «Қарабах» ұжымымен өткізіп, Алматыға абыройсыз оралған болатын. Дегенмен оңтүстік астаналық клуб Бакуде кеткен есені Орталық стадиондағы ойында қайтарамыз деп өздерін де, жанкүйерлерін де сендіріп еді. Бірақ «Қайраттан» қайрат кете бастаған ба, әйтеуір еліміздің чемпионы былтырғы «Қарабахтан» тағы да жеңіліп, жанкүйерлерін жерге қаратты.
Аймақтар • 08 Қараша, 2021
Жұрт сенімі жұмысқа серпін береді
Қоғам алдында үлкен жауапкершілік арқалап, ел тыныштығын күзеткен полиция еңбегі жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана жемісті болмақ. Қылмыс пен құқықбұзушылықты азайту, олардың алдын алу бүгінгі қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл мақсатта өңірде атқарылған шаралар туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан тарата айтты.
Аймақтар • 08 Қараша, 2021
Ержүрек полицейлер марапатталды
Бұл оқиға тамыз айының орта кезінде болған еді. Айыртау ауданының патрульдік батальонының аға лейтенанттары Азамат Бөкиев пен Нұрсұлтан Оспанов өздеріне тиесілі аумақта бақылау жұмысын жүргізіп келе жатқан. Таңғы бес шамасында олар аудан орталығы Саумалкөл селосына енгенде Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен будақтап шығып жатқан түтінді көреді.
Аймақтар • 08 Қараша, 2021
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын тойлау ел ішінен ұзап, халықаралық деңгейде өтіп жатқанынан үнемі хабардар етіп отырмыз. Оған мысал ретінде жақында ғана көршілес Ресейде, Түркия елінде ақынға арналған іс-шаралар өткен болатын. Жамбыл жырлары бірнеше тілде кітап болып, шетелдерде жарық көрді. Ал күні кеше 100 жасаған Жамбылдың құрметіне Жетісуда дүркіреп айтыс өтті.