Әлем • 09 Қараша, 2020
Ұлыбритания халықты жаппай тестілеуден өткізеді
Елдегі жағдай ушыққан сайын Ұлыбритания барлық шараны жасауға жанталасып жатыр. COVID-19-дың белгілері болмаса да, тұрғындардың барлығы тесттен өтеді. Бұл – вирусты анықтап, жоюдың тиімді тәсілдерінің бірі дейді сарапшылар. Елдің премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда мұндай сынақты ел көлемінде өткізуге уәде беріп отыр. Ливерпуль алғашқы болып бастайды.
Театр • 09 Қараша, 2020
Жақында 86-маусымының шымылдығын түрген Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры алғашқы премьерасын белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арнап, ән еркесінің мерейтойына ерекше тарту жасады. Жеті ай бұрын карантинге жабылса да, жас көрерменімен байланысын үзбей, онлайн форматта жұмыс істеген қуыршақ театрының «Өмір-өзен» атты бұл қойылымы бір сағатқа жуық ән падишасының сырлы әуенімен сусындатып, ұлттық эстрада өнеріне жаңалық әкелген өткен жылдарға сапар шеккізіп, сахна арқылы саяхат жасатты.
Теннис • 09 Қараша, 2020
Сербиялық теннисші Новак Джокович карьерасында алтыншы мәрте Халықаралық кәсіпқой теннисшілер ассоциациясының (АТР) рейтингінде жылды бірінші орынмен аяқтады.
Спорт • 09 Қараша, 2020
Иван Ярыгин турнирінде бақ сынауда
Бұл күндері Ресей астанасы Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при жарысы өтіп жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Оқиға • 09 Қараша, 2020
Мына фото Бай-өлке аймағында түсіріліпті. Сол жақта тұрған адам – Халық әртісі, көрнекті дирижер, педагог-профессор, халық күйлерін оркестрге лайықтаудың хас шебері Алдаберген Мырзабеков. Ал екінші адам – Қобда бетінің тумасы, дәулескер күйші, қазір Қарағанды қаласының тұрғыны Райхан Мұхаметұлы.