Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Алматыда бір түнде 46 нысан жабылды
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен санитарлық-эпидемиялық шараларды күшейту аясында биыл қарашаның 6-нан 7-не қараған түні қалалық Полиция департаментінің 7 тобымен бірлесіп, 32 мобильді топ қызмет етті. Басты мақсаты - карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу.
Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Дуадан құтқарамын деп 150 мың теңгесін қағып кеткен
Петропавл қаласында тұратын бір бойжеткен интернет алаяқтың құрбаны болды. «Басыңды дуадан арашалаймын, жолыңды ашамын» деген Фатима есімді балгерге ол бір ай бойы ақша аударып тұрған. Аударған ақшасының құны 150 мыңға жетіп, бойында ешқандай өзгеріс болмаған қыз полицияға қайырылуға мәжбүр болады. Бұл уақытта Фатима да ізін суытып, телефонға жауап бермейтін болған екен.
Үкімет • 07 Қараша, 2020
А. Мамин Ақтау курорттық аймағын дамытудың 2-ші кезеңін іске асыруды бастап берді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, жаңа қонақ үй-туристік кешендердің құрылысын бастап берді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Алматыда карантин режимін бұзғандар қомақты айыппұл төлеп отыр
Алматыда карантин режимінің сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жалғасын тауып отыр. Қазіргі уақытта қалада 32 мониторингтік топтар қызмет етуде.
Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Мекенжайын нақтылау үшін енді алматылықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады.