Әдебиет • 04 Қараша, 2022
Әдебиет айдыны сан түрлі мінездер тоғысы іспетті. Жеке тұлғалар тума мінезі арқылы танылмақ, мінезі арқылы өзгеден ерекшеленбек. «Иір-шиыр көшесінде Мәскеудің, кім біледі жазым болар жазған бас...» деген өлеңді оқығанда ерке, адуын, тентек мінезді Есенин бірден ойға оралады. Ал «Айдарымнан сипап өткен самалды, қазағымның алақаны деп білем!» деп шегелей, қолмен қойған кірпіштей етіп жазылған жыр жолдарының мінезінен Қадыр ақын сұлбасы қараңдайды.
Қоғам • 04 Қараша, 2022
Жуырда естіген мына бір хабар жүрекке жылу ұялатып, «осындай жайтты көбірек насихаттасақ, ел ішінде жақсылыққа деген сенім жоғалмас еді-ау» деген ойға келдік. Әлеуметтік желіні парақтап отырып оқыған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білуі мүмкін деген адамдарға хабарластық. Өстіп отырып өзіміз іздеген ауыл дәрігерінің де телефон нөмірін тауып алдық.
Аймақтар • 04 Қараша, 2022
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет түрлерін алу қарапайым тұрғындар үшін жеңілдей түскен. Мұның барлығы да цифрлық технологиялардың республикада дамуының нәтижесі деп білген жөн. Осы орайда Шымкентте Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жаңғыртуда «Азаматтарға арналған үкімет» тарапынан ауқымды істер атқарылып жатыр. Мәселен, тұрғындарға мемлекеттік қызмет алудың барлық түрі қазіргі таңда ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті.
Қоғам • 04 Қараша, 2022
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 133 мың азамат, оның ішінде 24,9 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 167,6 мың қазақстандық тіркелді, оның 154,1 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Экономика • 04 Қараша, 2022
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен жиында еліміздегі битум тапшылығы мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ жол құрылысына қажетті материалды дер кезінде сатып алу және сақтау мәселелері пысықталды.