Саясат • 04 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламадағы аграрлық секторға қатысты басымдықтарды талқылады.
Саясат • 04 Қараша, 2022
Маңызды саяси науқан – Президент сайлауы жақындай түсті. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жуырда Партиялық емес байқау орталығының ұйымдастыруымен «Байқаушы – дауыс берудің ашықтығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 03 Қараша, 2022
Қараусыз малдан қауіп-қатер көп. Кейде орны толмас өкінішке ұрындыратын жол-көлік оқиғасына да себеп болып жатады. Өңірде жыл басынан бері қараусыз жүрген 3 мыңнан астам мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ мал ұрлығының 60 дерегі тіркелді.
Аймақтар • 03 Қараша, 2022
Өкінішке қарай, Қарағанды шахтасындағы апат тағы бес кеншінің ғұмырын қиды. Қарашаның 3-іне қараған түні сағат 3.00-де болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Ленин атындағы шахтадағы нәубет орны толмас аса ауыр қайғыға душар етті. Газдренаждық ұңғыма бұрғылау кезінде кенеттен жоғары концентратты метан газы бөлініп, шахтадағы 106 адамның 101-і дереу эвакуацияланды. Ресми ақпараттар алғаш 4 адамның қаза тапқанын жариялаған еді. Таңертең сағат 9:09 минутта бесінші адамның денесі табылғаны хабарланды.
Қазақстан • 03 Қараша, 2022
Құны 230 млн доллар болатын зергерлік бұйымдар мен асыл тастар. 140 мың гектардан астам жер. 400 млн доллар қаржы, 300 млн доллардың бағалы қағаздары. Мемлекет меншігіне өткен Атырау облысындағы газ өңдеу зауыты мен Астанадағы «Болашақ» бизнес орталығының ғимараты. Заңсыз жекешелендірілген «Барыс» пен «Шапағат» базарлары. Осының барлығы – 630 млрд теңге. Бұл – мемлекетке өтелген залал мен қайтарылған активтердің құны. Басқаша айтар болсақ, бұл осыдан бес ай бұрын жасақталып, жұмысына кіріскен Активтерді қайтару жөніндегі комиссия қызметінің алғашқы көрсеткішінің бірсыпырасы.