Әлем • 06 Қараша, 2020
Қытай шетел азаматтарына елге кіруге шектеу қойды
Қытай билігі бірқатар елдердің азаматтарына елге кіруге қайта шектеулер қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
8 қарашада қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады
Жексенбі күні, 8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Денсаулық қымбат па, той қымбат па?
Жаз айларында қос өкпесі қусырыла тарылып, бір жұтым ауаға зар болған науқастардың ауыр жағдайы ұмытылған секілді. Олай деуімізге себеп – тұрғындардың карантин шараларын сақтамауы, тіпті мейрамханаларда отбасылық басқосуларды дүрілдетіп өткізу тыйылар емес. Мәселен, өңірдегі 110 мобильдік топ мүшелері өткен жұма мен сенбі-жексенбіде сауда орталықтары мен кафе-мейрамханаларда, сондай-ақ азық-түлік дүкендерінде шектеу шараларының бұзылғанын анықтады. Әсіресе тұрғындар үйлену, мерейтойларды өткізуден бас тартпай отыр.
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Өңірде карантиндік шектеулер күшейтіліп, 7 қараша сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайды. Кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруге тыйым салынды, демалыс күндері локдаун сақталады. Бұл жөнінде өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
МӘМС аясындағы қолжетімді медициналық қызметтер
Биыл 1 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650-ге жетті.